Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«АУЫЛ АМАНАТЫ»: ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖЕМІСІН БЕРУДЕ
Аймақ жаңалықтары

«АУЫЛ АМАНАТЫ»: ҚЫЗЫЛОРДАДА АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

24.05.2025109 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және “Ауыл аманаты” жобасының іске асырылу барысына арналған кеңес өткізді. Жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев атқарылған жұмыстарды баяндады.
“Президентіміздің бастамасымен ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы облыста оң нәтижесін беріп келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында агробизнес өкілдері ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл орайда өңіріміздегі «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңашыл бастамасын, нәтижелі жұмысын ерекше атап өту қажет. Қазіргі таңда серіктестіктің оң тәжірибесін кеңінен таратуда, облыстың барлық ауылында жаңа өндіріс және сауда нысандарын ашуда белсенді жұмыс бар.
Жоба шеңберінде 1000 шаршы метрден асатын ғимаратта жалпы құны 318,2 млн теңгені құрайтын 13 жоба іске қосылып, 25 жұмыс орны ашылды.
Осы тәжірибені кеңінен таратып, облыс бойынша 14 шағын орталық құру жоспарланған, 434,9 млн теңгеге 70 жобаны іске асыру көзделуде”, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кету керек, аймақта 447 мың тұрғын, яғни халықтың 53 пайызы ауылдық жерде тұрады. Осыны ескеріп, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған кешенді жобалар қолға алынған.
2023 жылы 406 жоба, ал 2024 жылы 375 жоба қаржыландырылып, жалпы екі жыл ішінде 1 110 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 275-ке артты. Сонымен қатар, 50 өндірістік кооператив құрылып, өңдеу өнеркәсібі бағытында 158 жаңа кәсіпорын іске қосылды. Ауыл шаруашылығы саласында 56 жылыжай өндірісі ашылып, 2 676 бас асыл тұқымды мал сатып алынды.
Мал шаруашылығын дамытуда шағын несиелерді асыл тұқымды төрт түлік мал сатып алуға бағыттау ұтымды шешім болды. Нәтижесінде шағын несиелердің 27 пайызы осы салаға бағытталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026639 Views

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.20261 486 Views

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026225 Views
Соңғы жаңалықтар

Open Air: Қызылорда облысы полиция департаменті 20 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті

06.08.2026

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық мал азығы дайындалды

06.08.2026

Мектеп пәндерінің мазмұны жасанды интеллект бағытында жаңартылуда

06.08.2026

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

06.08.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты

06.08.2026

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесінің алғашқы демонстрациялық ұшуы өтті

06.08.2026

Электрондық еңбек биржасында 104,6 мың бос жұмыс орны жарияланды

06.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.