Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде
Жаңалықтар

ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде

22.05.2025191 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына портфельдік субсидиялау тетігін, сондай-ақ «Даму» Қоры базасында кепілдік қорлары арқылы кепілдіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде. Негізгі жаңалық — шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктерді тікелей екінші деңгейлі банктерге беру. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл өтінімдерді қарауды жеделдетуге және кәсіпкерлік бастамаларды іске асырудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Даму» қорының базасында кепілдік қорларын құру бойынша негізгі жұмыс аяқталды. Тетіктер 7 млрд теңгеден басталатын ірі инвестициялық жобаларды және 7 млрд теңгеге дейінгі шағын және орта бизнесті қамтиды, бұл экономиканың нақты секторын несиелеуге банктердің қаражатын тартуға ықпал етеді.

«Бұдан бөлек, экономикалық өсімді жандандыру мақсатында жылдық 12,6% мөлшерлемемен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасы әзірленуде. Кредиттер қоса қаржыландыру шарттарымен екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін болады. Бір қарыз алушыға немесе өзара байланыстағы қарыз алушылар тобына ең жоғары лимит 7 млрд теңгеге дейін болады», – деді спикер.

Ол ағымдағы жылы қаржылық емес қолдау шараларын іске асыру жалғасатынын айтты. Оған ақпараттық-консультациялық қызметтер, сервистік қолдау және «іскерлік байланыстар» құралы кіреді. Бұған дейін қаржылық емес қолдау шаралары аясында 15 мың сервистік қызмет көрсетілді, сондай-ақ бизнесті жүргізудің түрлі мәселелері бойынша 135 мыңнан астам консультациялар ұсынылды. Бухгалтерлік және салықтық есепке алу, бизнес-жоспарларды әзірлеу, заңдық сүйемелдеу және қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметтерді қамтитын қолдау Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ  онлайн-арнайы портал (www.g4b.kz) арқылы көрсетілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.20251 859 Views

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025205 Views

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025308 Views
Соңғы жаңалықтар

Қара жер неге қақ айырылады?

05.06.2025

АЛЖИР – қасіретке толы тағдырлар мекені

05.06.2025

Қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыруға дайындау орталығы ашылды

05.06.2025

Құрбан айт – мейірім мерекесі

05.06.2025

Петропавл қаласы туристік әлеуетті күшейтеді

05.06.2025

Ғалымдар Шет ауданында 25 жаңа тарихи ескерткіш тапты

05.06.2025

Қазақстанға керқұландардың жаңа тобы келіп жетті

05.06.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.