Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Жарты миллионға жуық оқушы жайлы мектептерде білім алады
Жаңалықтар

Жарты миллионға жуық оқушы жайлы мектептерде білім алады

20.05.2025130 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, қазіргі заманғы талаптарға сай, сапалы және тегін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының бастамасымен 2024–2025 оқу жылының басынан бастап жоба аясында 254 мың оқушы орны пайдалануға берілді. 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 460 мыңға жетіп, жарты миллионға жуық баланың заманауи, қауіпсіз және жайлы жағдайда білім алуына мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жоба шеңберінде білім беру ортасының функционалдығы мен қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі. Мектептегі кеңістіктер оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылған: бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Қауіпсіздік шаралары заманауи техникалық шешімдер арқылы күшейтіліп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құрылады.

«Жайлы мектеп» үлгісі бойынша салынған жаңа мектептер типтік мектептерден 15–20%-ға кең, бұл қосымша оқу кабинеттері мен демалыс аймақтарын орналастыруға мүмкіндік береді. Мұндай мектептер заманауи пәндік кабинеттермен – физика, химия, биология зертханаларымен, компьютерлік сыныптармен, STEM-зертханалармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Әр оқушыға жеке шкаф пен жылжымалы парта беріледі. Санитарлық талаптарға сәйкес, мектептің әр қабатында ауызсу фонтандары орнатылған. Сонымен қатар балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және кәсіби дағдыларды қалыптастыру үшін әмбебап шеберханалар, студиялар мен кәсіптік оқыту кабинеттері қарастырылған.

Мектеп инфрақұрылымында екі кіреберісі бар асханалар, яғни бастауыш және жоғары сыныптар үшін бөлек тамақтану аймақтары ұйымдастырылған. Сондай-ақ мектептерде медициналық кабинеттер дәрігер немесе медбике бөлмесі, изолятор және процедуралық бөлмеден жасақталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.