Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың І тоқсанында еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты сандық дерек ұсынды. Сол статитистикаға сай,  республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған.

Оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,4% құрап отыр.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалдамалы қызметкерлер есебінен жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өскен.

Жұмыспен қамтылғандардың 17% саудада, білім беру ісінде — 13,4%, өнеркәсіп — 12,5% және ауыл шаруашылығы — 10,3% салаларында байқалған.

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас аралығында болған. Бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының  — 28%. Жұмыспен қамтылғандардың 40% — 29-34 және 45-54 жас санаттарындағылар.

Жалдамалы қызметкерлердің ең көбі- Алматы қаласында. Олардың саны — 985,8 мың. Ал өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген, тиісінше 378,2 мың және 233,7 мың адамнан.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.