Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Әлем жаңалықтары»Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді
Әлем жаңалықтары

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.20251 001 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Президент Трамп: «Олар бізге айтарлықтай маңызды бір нәрсе ұсынбайынша, мен тарифтерді төмендетпеймін». Фото nytimes.com сайтынан алынды. Авторлығы. Doug Mills 

Баж салығын енгізу мен өзара сөзбен шүйлігу жағдайында өткен бірнеше аптадан кейін Қытай билігі АҚШ-пен сауда келіссөздерін бастауға дайын екенін білдірді. Алайда бұл үшін АҚШ-тың келіссөзге шынайы пейілмен, ашық ниетпен келуі тиіс екенін ескерткен.

«Егер АҚШ келіссөз жүргізгісі келсе, ол өзінің шынайылығын көрсетіп, қате әрекеттерін түзетуге және біржақты енгізілген баж салығын жоюға дайын болуы керек», – делінген Қытайдың Сауда министрлігінің жұмада (2 мамыр) таратқан мәлімдемесінде. Осылайша, Бейжің Вашингтон тарапынан Қытай тауарларына қойылған 145%-дық тарифтер жойылуын күтетінін көрсеткен.

Қытай жағы президент Дональд Трамп енгізген баж салығына жауап ретінде 125%-дық қарсы тарифтер енгізіп, стратегиялық маңызды сирек кездесетін минералдарының экспортына шектеу қойғаны белгілі. Алайда екі тарап та кейбір маңызды өнімдерге қатысты ерекше жеңілдіктер ұсынып отыр.

Қытайдың Сауда министрлігі Қытай үкіметі Трамп әкімшілігінің соңғы бастамаларын «бағалап жатқанын» айтады. Сонымен бірге министрлік: «Сөз бен істің арасында айырмашылық болса немесе келіссөз дегенді желеу етіп қысым көрсету мен бопсалау жүргізілсе, ол Қытайға жүрмейді», – деп ескерткен. Бұл талап орындалмаса, «шынайылықтың жоқтығын» көрсетіп, өзара сенімге одан әрі нұқсан келтіреді делінген.

Қытай билігі: «Сөз бен істің арасында айырмашылық болса, қысым көрсету мен бопсалау жүргізілсе, ол Қытайға жүрмейді». Фото Quartz сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Lintao Zhang

Министрліктің соңғы мәлімдемесі – екі ел арасындағы кеңірек дипломатиялық диалогтің бір бөлігі. Әр тарап келіссөз бастамасын қарсы тараптан күтіп отыр және ешқайсысы әлсіздік белгілерін танытқысы келмейді.

Жұма күні (2 мамыр) жасалған мәлімдемеде Сауда министрлігі АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдері келіссөз бастау туралы бірнеше рет өтініш жасағанын хабарлады. Алайда Трамп бұл бастама Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин тарапынан болғанын айтып отыр. Ешкім өзінің әлсіздігін көрсеткісі келмейді.

Дональд Трамп Time журналына берген сұхбатында Си Цзиньпиннің оған қоңырау шалғанын айтқан. Ал Қытай шенеуніктері бұл мәлімдемені «жалған жаңалық» деп атап, тарифтер бойынша ешқандай қоңырау немесе келіссөз болмағанын жариялады.

Бұл жаңалықтардан кейін жұма күні таңертең S&P 500 индексінің фьючерстері үмітке толы өсім көрсетті. S&P 500 1,4%-ға өссе, Еуропа мен Азия нарықтары да оң нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар Қытайдың оффшорлық юані АҚШ долларына қатысты 0,14%-ға нығайды.

Алайда екі ел арасындағы қарым-қатынаста жылымық орнай бастағанына қарамастан, Трамптың Қытаймен тарифтер бойынша келіссөз жүргізуге қаншалықты дайын екені белгісіз.

«Мен олар бізге айтарлықтай маңызды бір нәрсе ұсынбайынша, тарифтерді төмендетпеймін», – деген Трамп өткен аптада журналистерге.

«Қытай билігі жасырын түрде бірқатар тауарларды 125%-дық баж салығынан босататын тізім жасауда» атты талдау мақаласында Aikyn.kz АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы «сырттай қатаң көрінгенімен, экономикалық мүдде үшін тараптардың астыртын ымыраға келуге» дайын екенін айтқанбыз. Біздің жасаған болжамымыз дұрыс болған сияқты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026425 Views

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026597 Views
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

10.06.2026

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026

Артур Ластаев: Қыз алып қашу − құқыққа қайшы әрекет

10.06.2026

Министрлік Бибісара Асаубаеваның шағымына қатысты түсініктеме берді

10.06.2026

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды

10.06.2026

Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қала атанды

10.06.2026

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілін қабылдады

10.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.