Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды
Аймақ жаңалықтары

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025300 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ақтауда «Caspi Bitum» БК» ЖШС жаңғыртылған битум зауыты ресми түрде іске қосылды. Бұл – Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар нысан. Жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, елдің энергетикалық және көлік тәуелсіздігін нығайтудың маңызды кезеңін білдіреді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

Жаңғырту нәтижесінде зауыттың жылдық мұнай өңдеу қуаты 50%-ға артып, 1 миллион тоннадан 1,5 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Бұл еліміздегі мұнай өңдеу көлемін арттыруға елеулі үлес қосады. Ең маңызды жетістік – стратегиялық өнім болып саналатын жол битумының өндірісі 50%-ға артып, жылына 750 мың тоннаға жетті. Бұл Қазақстанның жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қажетті сапалы битумға деген ішкі сұранысын толық дерлік өтеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, бұл «Күшті өңірлер – ел дамуының драйвері» секілді мемлекеттік бағдарламалар аясында жол инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, битум өндірісінің артуы импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі нарықта жеткізілім мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл – бүкіл ел аумағындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін өте маңызды.

«Отандық битум өндірісінің 50%-ға өсуі жолдарды салу мен жөндеу қарқынын жеделдетуге, олардың сапасы мен ұзақмерзімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – инфрақұрылымды дамытуға, логистиканы жақсартуға және түптеп келгенде, қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға салынған тікелей инвестиция. Аталған жоба – еліміздің мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібін ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатқа сай, шикізаттық бағыттан терең өңдеуге көшудің айқын үлгісі», – деді ҚР Энергетика министрлігі Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаев.

Жаңғырту жобасы аясында 140 тонна салмаққа ие 40 метрлік вакуумдық колонна орнату, ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңарту, мыңдаған метр құбырлар мен кабельдер тарту, заманауи автоматтандыру жүйелерін енгізу сынды күрделі технологиялық жұмыстар атқарылды. Бұл – Қазақстандағы инженерлік-техникалық әлеуеттің жоғары деңгейін айғақтайды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026491 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026358 Views

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026235 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТУДЕ

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

26.06.2026

АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ

26.06.2026

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.