Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы қазіргі уақытта Алматыдағы ауруханалардың бірінде ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін Сара Назарбаева Алматыдағы ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты медициналық орталықтың Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатқаны айтылған.

Осы жағдайға байланысты Orda.kz тілшісі ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты медициналық орталықтың баспасөз хатшысы Елена Коэмецке хабарласып, анықтаған. Дегенмен нақты мәлімет ала алмаған.

– Қазір бізде ешқандай нақты ақпарат жоқ. Өзіміз де ресми хабарды күтіп отырмыз, – деген қысқа жауаппен шектелді баспасөз өкілі.

Dalanews.kz хабарлауынша, аурухана ғимаратының сыртында күзет қойылған. Оған еркін кіріп-шығуға немесе түсірілім жасауға тыйым салынған. Ауруханаға емделуге келген кейбір азаматтар Сара Алпысқызын ішкі бөлімшелерде көргенін растаған.

Редакцияның дереккөздері Сара Алпысқызының денсаулығының сыр беруі жасына байланысты болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ нақты диагнозы жарияланбаған.

Сара Назарбаевамен жақын араласқан азаматтардың бірі – Қазақстандағы балалар үйлері түлектері қауымдастығының президенті Рафаэль Гасанов. Ол қазіргі кезде Сара Назарбаеваның жанында жақын адамдары мен туыстары бар екенін растады.

– Біз оның қасындағы адамдармен байланысып, сәлем жолдадық. Сара Алпысқызы бізге жақын жан. Ол бізді жақсы таниды. Біз де оның тезірек сауығып кетуін тілеп отырмыз, – деді Рафаэль Гасанов.

Қазіргі кезде оның қасында қыздары мен ең жақын адамдары бар. Олар жұртты сабырға шақырып, Сара Алпысқызының сауығып кетуіне үміт артып отыр.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.