Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстандық оқушы ең үздік лингвист атанды
Жаңалықтар

Қазақстандық оқушы ең үздік лингвист атанды

05.05.2025707 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 байқауында қазақстандық оқушылар 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасына Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд елдерінен 500-ге жуық оқушы бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанып, алтын медаль еншіледі. Сондай-ақ білім бәйгесінде Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы, Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы, Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы, Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысының оқушылары жүлдегерлер тұғырынан табылды. 

Ал Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы, Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы, Арон Хасанов -11 сынып, БИЛ, Атырау қаласының оқушылары Құрмет грамотасымен марапатталды.

Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиадаға білім алушыларды лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті Аида Давлетова дайындаған.

Айта кетейік,  бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға мүмкіндік береді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.