Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Астанада даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Жаңалықтар

Астанада даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған кітаптың тұсаукесері өтті

05.05.202567 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған «Тағдыры тарихқа айналған…» кітабының тұсаукесері өтті. Сол сияқты «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана қаласының Мемлекеттік архиві Президент орталығымен бірлесіп өткізді.

Әлмұқан Сембиновке арналып шығарылған кітап төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы – «Сембинов сөйлейді». Мұнда соғыстан келген батырдың қызмет атқаруындағы жазған мақалалары топтастырылған. Өзінің қолжазбасы мен газет бетіне шыққан материалдары орналасты. Екінші бөлімі – «Суреттер сыр шертеді». Бала күнінен бастап, оның жүрген жолы суреттер арқылы берілген. Үшінші бөлім – «Сарғайған сары парақтар». Ә. Сембиновтың майдан даласы мен елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі құжат бойынша берілді.

Өз айтары бар айдардың бірі де бірегейі – төртінші бөлім «Әлмұқанның әлемі» деп аталады. Мұның ерекшелігі майдангердің қыры мен сыры жайында көзін көргендер мен майдандас достары, өзінен кейінгі інілері қалам тербейді.

Жиын барысында «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрменің тұсаукесері өтті. «Ерлік дастаны» көрмесінде Астана қаласының мемлекеттік архивінің құжаттары мен материалдары негізінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақмола өңірі бойынша құрылған әскери құрамалар, жауынгерлер тағдыры мен олардың майдандағы әскери іс-қимыл бағыттары және ұрыс алаңдарындағы ерлігі, тылдағы тұрғындардың орасан зор еңбегі, өңірдің әлеуметтік-экономикалық стратегиялық маңызын айғақтайтын дереккөздер қамтылған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

QAITADAN. Уақыт тұзағына түскен кейіпкер мен қоғам

09.09.202514 097 Views

Марат Әшім ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

09.09.20251 153 Views

Қазақстан индустрияландыру мен құрылыс саласының цифрлық трансформациясын жеделдете түседі

09.09.2025747 Views
Соңғы жаңалықтар

Израиль Газадағы тұрғындарды эвакуацияға шақырды

09.09.2025

Германиядан Сирияға небәрі 2 мыңға жуық адам оралды

09.09.2025

Непал үкіметі тәртіпсіздіктерден кейін отставкаға кетті

09.09.2025

Ресей ғылымы санкциялар салдарынан әлемнен үш жылға қалып қойған

09.09.2025

QAITADAN. Уақыт тұзағына түскен кейіпкер мен қоғам

09.09.2025

Мирзиёев Өзбекстандағы вице-министрлерді қызметінен қуып жіберді

09.09.2025

Марат Әшім ҚР Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды

09.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.