Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қазақстанда Орталық Азиядағы ірі битум өндіретін зауыт іске қосылады
Аймақ жаңалықтары

Қазақстанда Орталық Азиядағы ірі битум өндіретін зауыт іске қосылады

25.04.2025248 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ақтау қаласында өндірістік қуаттарды жаңғырту бойынша ауқымды жобаның аяқталуына орай Орталық Азиядағы ең ірі жол битумын өндіруші – Caspi Bitum зауыты іске қосылады. Бұл – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Resources Holdings Limited бірлескен кәсіпорны, деп хабарлайды ҚР Энертегтика министрлігі.

Құны 36,1 млрд теңге болатын жобаның табысты іске асырылуы кәсіпорынның Қаражанбас кен орнынан келетін мұнайды қайта өңдеу қуаттылығын жылына 1 миллионнан 1,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңғыртудың негізгі нәтижесі – жоғары сапалы жол битумын өндіру көлемін 50%-ға, яғни 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болмақ. Бұл қадам Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие, себебі ол елдің жол битумына деген ішкі сұранысын толық өтеуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге және жол құрылысы саласына тұрақты жеткізуді жолға қоюға мүмкіндік береді.

Жоба аясында Қаражанбастың ауыр мұнайын қайта өңдеуге бейімделген жаңа жоғары технологиялық жабдықтар орнатылып, ескі тораптар толықтай ауыстырылды және ауқымды құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 300-ден астам жұмысшы мен маман тартылды.

Қазіргі таңда Caspi Bitum зауытында іске қосу-баптау жұмыстарының соңғы кезеңі жүргізілуде: шикі мұнай қабылдануда, технологиялық жабдықтар мен басқару жүйелері жеке-жеке сынақтан өтіп, кешенді түрде тексерілуде. Сәуір айында жаңғыртылған қуаттылық базасында алғашқы сынақтық битум партиялары өндіріліп, шамамен 8 мың тонна өнім шығару жоспарланып отыр.

«Caspi Bitum зауытының жаңғыртылған өндірісін іске қосу – еліміз үшін стратегиялық маңызды қадам. Отандық битум өндірісінің 50%-ға артуы жолдарды салу және жөндеу қарқынын жеделдетуге, олардың сапасы мен ұзақ мерзімділігін арттыруға жол ашады. Бұл – инфрақұрылымды дамытуға, логистиканы жақсартуға және ақыр соңында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға жасалған тікелей инвестиция. Сондай-ақ бұл – еліміздің ұзақмерзімді мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту саясаты аясында жүзеге асырылып жатқан, шикізаттық бағыттан терең өңдеуге көшу жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Орталық Азиядағы ең ірі жол битумын өндіруші Caspi Bitum зауытының жаңғыртылған өндірісін іске қосу Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілген. Бұл шара ұлттық инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қосып, Маңғыстау облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтатын болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.