Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Шаруалар науқанға сақадай сай
Аймақ жаңалықтары

Шаруалар науқанға сақадай сай

23.04.2025244 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жетісуда биыл егіс көлемі жылдағыдан жоғары. Соған сәйкес күтілетін нәтиже де ауқымды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемі 510,7 мың гектарды құрайды. Оның 373,8 мың гектарына көктемде себіледі. Жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары қызатын күн жақын.

Биыл 295,3 мың гектар жерге – дәнді, 89,7 мың гектар жерге – майлы дақылдар, 12,2 мың гектарға – қант қызыл­шасы, 6,8 мың гектарға – картоп, 8,9 мың гектарға – көкөніс-бақша дақылдары және 97,3 мың гектарға мал азығы дақы­лы егілмек. Басқарма бас­шысының орынбасары Бахтияр Шампиковтің айтуынша, алқап­тарды әртараптандыру аясында бидай – 2,9 мың гектарға, қант қызылшасы – 1,5 мың гектарға, дәндік жүгері 1,1 мың гектарға қысқарады. Арпа, майлы дақылдар, картоп, көкөніс-бақша дақылдары ұлғаяды.

«4,3 мың гектардың ылға­лы жабылды. 0,6 мың гектарға тырмалау жұмыстары жүр­гізілді. Ескелді ауданында 44 гектарға масақты дәнді дақыл себілді. Жаздық ауыл шаруа­шылығы дақылдары тұқымын зертханалық тексеру жасалып жатыр. Көксу қант зауытына 3 080 себу бірлігі шетелден жеткізілді. Тұқымның басым бөлігі Германия, Франция, Даниядан алынды. Шаруалар үшін Көксу қант зауыты 6 080 қант қызылшасы тұқымын беруге дайын. Бұл 4 677 гектарды қамтиды», деді Б.Шампиков.

Биыл минералдық тыңайт­қыштарды қолдану көлемі 58,8 мың тоннаға дейін ұлғайтылған (былтыр – 49 мың тонна). Шаруалар 29,6 мың тонна тыңайтқыш сатып алды. Қоймада 5,3 мың тонна минералды тыңайтқыш бар. Көктемгі дала жұмыстарына 5,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Наурыз айына қарастырылған 960 тонна дизель отынының 660 тоннасы шаруаларға жеткізіліпті.

«Көктемгі дала және егінді жинау жұмыстарына «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 14,3 млрд теңге несие қарас­ты­рыл­ған. «Кең Дала-1» және «Кең Дала-2» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Шаруалар несиеге бөлінген қаржының 3,7 млрд теңгесін алып, игеруде. Бүгінге дейін 195 шаруашылықтан 4,8 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 106 шаруашылыққа 3,0 млрд теңге несие берілді», дейді басқарма өкілі.

Жетісу облысында қант қызылшасы өндірісін қолдауға арналған жобаға Үкімет резер­вінен 11,1 млрд аса қаражат сұралған. Ондағы мақсат – басым дақылдар өндірісін дамыту арқылы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру. Бөлінетін қаражат қант қызылшасын қайта өңдеуге жіберген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне немесе ауыл шаруашылығы коопера­тивтеріне субсидиялар төлеуге бағытталмақ.

Мұхтар КҮМІСБЕК,

Жетісу облысы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.