Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қарағандыда креативті индустрияны мемлекеттік қолдау шаралары мен саланың өзекті мәселелері талқыланды

03.04.2025
Қарағанды облысында жалпы 2161 креативті индустрия субъектісі тіркелген. Ең кең таралған сала қатарында IT-технологиялар, металл және тастан бұйымдар өндіру, архитектура, кино және ТВ-продакшн, этно-фэшн бағыты бар. Қазіргі уақытта өңірде креативті хаб құру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жергілікті креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында саланың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, көрме алаңдарын ұсыну, креативті тауарлар мен қызметтерді коммерцияландыру және экспорттау мәселелері қозғалды.

Евгений Кочетов қазіргі уақытта аталмыш экономикалық секторды мемлекеттік қолдаудың екінші пакеті қарастырылып жатқанын атап өтті.

Биыл креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заң қабылданған болатын. Сонымен қатар Бюджет кодексі бекітілді. Енді ұлттық лотерея операторы табысының 3%-ы тоқсан сайын Креативті индустрияларды дамытуға қолдау көрсету жөніндегі корпоративтік қорына бөлінетін болады. Қор осы жылдың шілде айында жұмысын бастайды.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.