Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

02.04.2025
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды.
Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
«Мемлекеттік қызмет көрсетуде заң бұзушылықтың алдын алып, бақылауды күшейтіңіздер. Қызмет көрсетуші мекемелерге нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын жүйелі түрде түсіндіріңіздер. Барлық мемлекеттік органда мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін үйлестіріңіздер.
Алдымызда өте жауапты су қабылдау кезеңі тұр. Өңірдегі су шаруашылығы нысандары науқанға толық дайын болуы тиіс. Су шаруашылығы мекемелерінің басшылары, Қызылорда қаласы, аудан әкімдерімен бірлесіп, 10 күн ішінде су нысандарының дайындығын, канал тазалау жұмыстарын зерделеп, нәтижесін баяндаңыздар. Су шаруашылығының жағдайын, егіс пен экологиялық мұқтаждыққа қажетті су көлемінің тиісті деңгейде бөлінуін қатаң бақылауға алыңыздар.
Биылғы оқу жылының аяқталуына да аз уақыт қалды. Маусымның бірінші күнінен жазғы тынығу лагерьлері жұмысын бастайды. Каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және қосымша білім алуын ұйымдастыру өте маңызды. Білім басқармасы қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілер есебінен балаларымыздың өзге өңірлерде де тынығуын үйлестіріңіздер»,– деді Н.Нәлібаев.
Өңірде мемлекеттік мекемелер
184 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарда, білім беру ұйымдарында, емханалар мен ауруханаларда 960 өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ашылып, жұмыс жасауда.
Өткен жылы 5 563 096 мемлекеттік қызметтің 98,6%-ы электрондық үкімет веб-порталы мен ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілді.
Бұдан бөлек, өңір тұрғындарын мемлекеттік қызметтерді онлайн алу дағдыларына үйрету арқылы цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында Жол картасы бекітілді. Тұрғындар арасында, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына электронды қызметтерді алуды оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.