Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

28.03.2025149 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен республикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде жаңа энергетикалық қуат көздерін ұлғайту, батыс өңірінің желілерін бірыңғай энергетикалық жүйеге қосу, оңтүстік өңір желілерінің қуатын күшейту, энергия үнемдеу және тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Возможно, это изображение нефтеперерабатывающий завод
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайызы аяқталды.
Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл 4 тоқсанда аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбыры тартылды.
Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аталған мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған.
Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады.
Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар.Олардың тозу деңгейі 62% құрайды. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғыру қолға алынбақ.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЕКІ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

27.12.2025380 Views

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025159 Views

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025201 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЕКІ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

27.12.2025

Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесі кезең-кезеңімен дамып келеді

26.12.2025

Әлеуметтік инспекторлар 1 370-ден астам тексеру жүргізді

26.12.2025

Биыл 91 мыңнан астам педагог мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтті

26.12.2025

Мұғалімдердің әкімшілік жүктемесі азайып, құқықтарының қорғалуы күшейтілді

26.12.2025

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

26.12.2025

Мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақы мөлшері 10%-ға ұлғаяды

26.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.