Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде
Жаңалықтар

Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде

28.03.2025259 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етеді. Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарасақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған.

Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы – цифрлық технологияларды енгізу. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізіліп, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграцияланып жатыр. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру сапасы педагогикалық қауымдастықтың кәсібилік деңгейімен де тікелей байланысты. Осы тұрғыда мемлекет тарапынан мұғалімдерді тұрақты түрде қолдау, олардың мәртебесін, материалдық әлеуетін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды да атап өту керек. 2020 жылдан бастап педагогтердің жалақысы 2 есеге артты, ал біліктілік санаттары бар мұғалімдерге ол үшін лауазымдық жалақысының 35%-дан 50%-ға дейін үстемеақы төленеді. Бүгінде орта білім беру жүйесінде жұмыс істейтін 400 мың педагогтің 300 мыңға жуығына осындай үстемеақылар төленіп келеді.

Ауыл мұғалімдерін қолдауға ерекше назар аударылады, олардың жалақысы қалалардағы әріптестерімен салыстырғанда кем дегенде 25%-ға жоғары. Бұл өңірлерге білікті кадрларды тартуға ықпал етеді.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап Президенттің тапсырмасы бойынша барлық бастауыш сынып және әлеуметтік осал топтар санатындағы оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту енгізілді. 1,7 миллион оқушыны қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттерден 192 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Сондай-ақ тамақтану сапасын арттыру мақсатында асхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді, тегін тамақ алушылардың есебі автоматтандырылды, күнделікті бақылау енгізілді.

Сонымен қатар «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы 510 мыңнан астам оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілген.

2025 жылдан бастап жекеменшік мектептердің оқушылары үшін де әлеуметтік қолдау шараларын енгізу көзделген.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202582 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202593 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025566 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.