Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Басымдық берілетін 60-қа жуық спорт түрі анықталады
Жаңалықтар

Басымдық берілетін 60-қа жуық спорт түрі анықталады

27.03.2025157 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы жылдары спорт саласына жұмсалатын бюджет қаражатын қайта бөлу тенденциясы байқалып отыр. Мұнда басты назар бұқаралық және жастар спортын қолдауға аударылады. Осы орайда кәсіпқой клубтарды қаржыландырудың максималды деңгейі белгіленбек. Ең негізгі жаңалық – 60-қа жуық басым спорт түрінің анықталуы. Олардың арасында Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Паразия ойындарының бағдарламаларына енген спорт түрлері, сонымен бірге, олимпиадалық емес спорт түрлерінен Азия және Паразия ойындарына енген спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері толық қарастырылады. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, республикалық және аймақтық аккредиттелген спорт федерацияларының мәртебесін ұлттық акредиттелген спорт федерацияларына өзгерту мәселесі енгізілді.

«Спорт федерацияларын аккредиттеуге мынадай қосымша талаптар айқындалады: спорт түрі бойынша Ұлттық федерация құрамындағы жергілікті аккредиттелген федерацияға мүшелік ету; белгілі бір спорт түрі бойынша спорттық дайындықтың ұлттық стандарттарын әзірлеу; Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ұлттық спорт федерациялары Қазақстан Республикасының атынан Халықаралық Олимпиада комитеті мойындайтын халықаралық спорт федерациясының мүшесі болуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті тануға тиіс», – деді спикер.

Келесі норма – ол «бірінші топтағы мүгедек спортшының сүйемелдеушісі» үғымының енгізілуі. Бұл стандарт мүмкіндігі шектеулі спортшылардың ұлттық және халықаралық жарыстарға дайындық сапасын арттырады және шамамен 1 жарым мың спортшыны қамтиды.

Тағы бір жаңашылдық – ол әкімшілік-аумақтық деңгейде басшылардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және 5 жыл сайын оларды ротация жүргізу. Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жүзеге асырылады. Егер облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігінде бір ғана ұйым болса, онда басшыларды ротациялау жақын маңдағы аудандардың, облыс ішіндегі қалалардың басшыларымен бірге жүргізіледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025285 Views

Ақнәр ісі күрделеніп барады

29.05.20251 253 Views

Шерзат Полатты өлтіргеннен кейін күдіктілер көлікте ән айтып, күлген

29.05.2025413 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда

29.05.2025

Кремль: Германия Украинадағы соғысты одан әрі ушықтырып жатыр

29.05.2025

Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың көзін жойғанын хабарлады

29.05.2025

Ақнәр ісі күрделеніп барады

29.05.2025

Илон Маск Трамптың кеңесшісі және DOGE басшысы қызметінен кетті

29.05.2025

Шерзат Полатты өлтіргеннен кейін күдіктілер көлікте ән айтып, күлген

29.05.2025

Астаналық тұрғын парадты көруге тыйым салған Қорғаныс министрлігін сотқа берді

29.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.