Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЖАЛАҒАШТА «НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ НАУРЫЗ!» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ЖАЛАҒАШТА «НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ НАУРЫЗ!» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

26.03.2025260 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Жалағаш ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Ұлыстың ұлы күніне арналған «Нұр себеле, Әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.
Мереке қонақ күткен ауылдың қарбалас сәтін, үлкен-кіші бас қосқан жиынның, өнерпаз қыз-жігіттердің көш-керуенін бейнелеген театрландырылған қойылыммен басталды.
–Ақ қар кетті, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген,
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, Наурыз!
Көтер туын Наурыздың,
Желбіресін көгімде,
Береке мен бақ қонсын,
Жалағаштай еліме!– деп ауылдың үлкені берген батаға жұртшылық түгелдей әумин десті.
Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, биылғы жылдың ерекшеліктеріне, атқарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Хәкім Абайдың 180, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100, Ұлы Жеңістің 80, Байқоңыр ғарыш айлағының 70, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы сияқты маңызды мерейтойларды тағылымы ел жадында жатталатындай етіп өткізу өте маңызды екенін айтты.
«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды.
Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті.
Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – жыл басы Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мерекеде Жалағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.