Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АРАЛДЫҚТАР ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

АРАЛДЫҚТАР ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІНДЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

22.03.2025454 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Аралда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Орталық алаң Ұлыстың ұлы күніне сай безендірілген. Жиналған жұртшылық қолөнер туындылары және тарихи жәдігер қойылған көрмелерді, ұлттық ойындарды, қыз бен жігіт айтысын тамашалады. Аймақ басшысы тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.​
Возможно, это изображение 5 человек и текст
«Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жүзеге асқан Сыр өңіріндегі байыпты бастамалар мен жасампаз жобалардың маңызы зор. Былтыр осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд теңге болған облыс бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Жергілікті кәсіпкерлер, осы елден шыққан меценаттар, туған жерін түлетіп, көркейтуге бар күш-жігерін салып, демеушілік көрсетті, белсенділік танытты. Алдағы уақытта да бекем бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында өңіріміздің экономикасын тұрақты дамытатын, елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге толайым табыстарымен, жаңалықтарымен келсін! Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілеймін!», — деді Н.Нәлібаев.
Мерекелік шарада «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау лебізін жеткізіп, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Биғали Қаюпов батасын берді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

349 мыңнан астам қазақстандыққа SMS хабарламалар жіберілді

05.09.2025361 Views

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

05.09.2025524 Views

Анонимді Telegram арналары: «инсайдтардың» құпиясы және шынайы мақсаттар

05.09.2025249 Views
Соңғы жаңалықтар

349 мыңнан астам қазақстандыққа SMS хабарламалар жіберілді

05.09.2025

Қазақстандық оқушылар Еуропалық олимпиадада төрт жүлде иеленді

05.09.2025

Анонимді Telegram арналары: «инсайдтардың» құпиясы және шынайы мақсаттар

05.09.2025

ІІМ онлайн-есірткі саудасына қарсы күресті күшейтті

05.09.2025

Тікұшақтар, спутниктер және жердегі рейдтер: Қазақстанда құрамында есірткі бар өсімдіктермен күрес қалай жүргізіледі

05.09.2025

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

05.09.2025

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

05.09.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.