Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

«Қазақанимация» Астанаға көшірілуі мүмкін

18.03.2025

Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Евгений Кочетов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін Астанаға көшірудің маңыздылығын атап өтті.

Ол Алматыдағы бірқатар аниматорлар «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін Астанаға көшіруге қарсылық білдіріп жатқанын, оның үстіне анимацияны дамытуға арналған стратегияның әлі толық әзірлеп бітпегенін айтты.

«Біз қазір анимацияны дамытудың алдағы 5 жылға арналған кешенді жоспарын әзірлеп жатырмыз. Ол жоспарда қаржыландыру тетіктері де қарастырылған. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін Астанаға көшіру туралы пайымдар да бар. Ондай пайымға не негіз болып отыр?

Біріншіден,  бұл жерде Astana hub орталығы орналасқан. Анимациялық қызмет ІТ-индустрияның да бір бөлшегі болып есептеледі. Astana hub-тағы импульс анимацияның дамуына да серпін береді деген үміт бар.

Екіншіден, бұл жерде жыл сайын Comic Con фестивалі өтеді. Бұл жалпы тұтас анимация саласына арналған, бүкіл ТМД аумағындағы ең негізгі шараға айналып үлгерді.

Үшіншіден, креативті индустрияны қолдауға арналған мамандандырылған қордың құрылатынын айттым. Осы себептерді негізінде бірлестікті Астанаға көшіру туралы пайымға келіп отырмыз деуге болады», деді Евгений Кочетов.

Вице-министрдің айтуынша, жоспар бар болғанымен нақты шешім әлі қабылданбаған.

«Анимацияны дамытудың стратегиясын дайындап болған кезде шешім белгілі болады. Қазіргі пайымымыз осындай. Меніңше, бұл «Қазақанимацияны» әрі қарай дамыту тұрғысынан барынша қисынға келетін жоба сияқты. Біз аниматорлардың бәрімен байланыстамыз, олардың уәждерімен де таныспыз. Мәселе әлі талқылау процесінде. Аниматорлармен бір-екі рет кездестік те. Бәрінің пікірі ескеріледі. Онсыз ешкім шешім қабылдамайды», деп сендірді Евгений Кочетов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.