Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АМАЛ КҮНІНДЕ ҚОНЫС ТОЙ ТОЙЛАДЫ

17.03.2025
Бүгін Амал күнінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін табыстады. Салтанатты рәсімге зиялы қауым өкілдері, жауапты сала басшылары мен қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін Амал күнімен және алдағы Наурыз мейрамымен құттықтап, өңірдегі ауқымды жобаларға тоқталып өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Бурабайда Ұлттық құрылтай өтуде. Алқалы жиында құрылтайдың бесінші отырысын келер жылы Сыр елінде өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл – біздің аймағымыз үшін тарихи сәт. Өйткені алты Алаштың астанасы болған, тоғыз жолдың торабында орналасқан өңіріміз ел болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданатын орталыққа айналады. Оған қоса, бүгін көктемнің келгенін айқын сездіретін Амал күнінде, Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа пәтер кілттері табысталуда.
Возможно, это изображение 1 человек и чаеварка
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыты екенін атап өтті. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында бүгінде облысымыздың бюджеті 750 млрд теңгеге жетті. Өздеріңіз білесіздер, осыдан үш жылдай уақыт бұрын аймақ бюджеті 364 млрд теңге болатын. Өсім 206 пайызды құрады. Бұл қомақты қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға жұмсалуда.
Мемлекеттің қолдауын сезініп, баспаналы болуға ниет еткен әрбір отбасы үшін бүгін айтулы күн! Баспаналы болу отбасын, әсіресе балаларды қуанышқа кенелтеді. Қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленіп, ішінен балалардың әсем күлкісі мен үлкендердің қуанышты үні естілсін! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Іс-шарада ел ағаларына, жаңа тұрғын үйді салған құрылысшыларға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталып, Қызылорда қаласы және Арал ауданының құрметті азаматы Имамадин Оңғарбаев батасын берді.
Возможно, это изображение 6 человек
Возможно, это изображение 9 человек и текст

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.