Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Биыл Жамбыл облысында 76 каналды реконструкциялау және 3 су қоймасының құрылысы басталады

13.03.2025
Биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Сондай-ақ, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларын реконструкциялау қарастырылған.

Қордай, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Жуалы аудандарында 53,9 гектар жерге су беру сапасын жақсарту үшін 34 жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 12 жоба аяқталды. Былтыр жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болатын 37 каналда құрылыс жұмыстары аяқталды. 46 тік дренажды ұңғыма бұрғыланып, 12-сі қалпына келтірілді.

«Министрлік алдағы екі жылда Жамбыл облысында 19 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 330 шақырым болатын 105 каналға реконструкция жасалады. Бұл тасымалдау кезінде су шығынын азайтады және өңірдегі егіс алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз ету сапасын жақсартады», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.