Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

08.03.20252 493 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Өнер орталығында» өткен салтанатты іс-шарада аналар мен қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Оған ардагерлер, батыр аналар, білім, спорт және мәдениет саласыныӊ үздіктері, этномәдени орталықтардыӊ мүшелері, журналистер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, құқық қорғау, білім беру саласының қызметкерлері қатысты.
Салтанатты іс-шара «Тағдырлар тоғысындағы Ана» театрландырылған хореографиялық қойылымымен ашылды. Күнтізбеге көрік берген, көктемге еріп келген, бар мейірін төгіп келген мерекенің мәні ашылған қойылымға көрермендер қошемет көрсетті.
Возможно, это изображение 18 человек и свадьба
Аймақ басшысы жиналған жұртшылыққа жүрекжарды лебізін жеткізіп, көңілге көктем сыйлаған жандарға алғысын айтты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әйелдер қауымының отбасындағы, қоғам өміріндегі және мемлекетті жан-жақты дамыту ісіндегі рөлі орасан зор. Қыз-келіншектер өндірісте, шығармашылық жолында, саясат, бизнес және басқа да көптеген салада биік белестерді бағындырып келеді»,– деген болатын. Біздің аналарымыз, аруларымыз тек отбасының береке-бірлігі, ұйытқысы ғана емес, олар қоғамды дамытуға, елдің ынтымағы мен бірлігін нығайтуға зор үлес қосуда. Аймағымыздың сан алуан саласында белсенді еңбек етіп, ел ырысын арттырған әйел-аналар, Сырдың сұлу арулары – соның дәлелі. Биыл алғаш рет шұғылалы көктем мерекесі қарсаңында Президентіміз еліне адал қызмет етіп, ерен еңбектің үлгісін көрсеткен әйелдер қауымын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың ішінде біздің жерлестеріміз де Астана төрінде Президентіміздің қолынан марапат алды! Барша Сыр жұртшылығының және сіздердің аттарыңыздан шын жүректен құттықтаймыз!» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Возможно, это изображение 19 человек, помост и текст
Іс-шарада аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар, атап айтқанда «Құрмет» ордені, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін», «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медальдары табысталды.
Кеште ҚР еңбек сіңірген әртісі Бақытбек Алпысбаев К.Ахметованың «Қазақ қызы» өлеңін оқып, осы аттас әнді оның авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов пен Мәдениет саласының үздігі Гүлфира Әлиханова орындады.
Аналар мерекесінің көркін ашатын ана, көктем туралы әндер екені белгілі. Іс-шарада облыстық филармонияның аралас хоры, М.Қалауов атындағы өнер мектебінің вокалдық тобы және «Балбұлақ» балалар би ансамблі, филармонияның аспапты квартеті, кеш қонағы, мультиаспапшы Мейрімхан Абдрахманов, тағы басқа ұжымдар өнер көрсетті.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202581 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202592 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025565 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.