Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«AMANAT» партиясының жастары жұмысшы әйелдерді құттықтады
Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының жастары жұмысшы әйелдерді құттықтады

07.03.2025898 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Осы атаулы күнге орай, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты еліміз бойынша нәзік жандыларды құттықтауда.

Жастардың алғашқы нүктесі «Астана-Энергия» ЖЭО-да еңбек ететін әйелдерді құттықтау болды. «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова энергетика саласындағы нәзік жандылардың еңбегі туралы ерекше атап өтіп, партия және Жастар қанаты атынан құттықтады.

«Энергетика – қажыр мен табандылықты талап ететін сала. Әйелдер бұл салада ерлермен қатар аянбай еңбек етіп, қоғамды жарық пен жылумен қамтамасыз етіп келеді. Бүгін біз тек бұл азаматшалардың еңбектеріне алғыс айтып қоймай, оны баршаға үлгі ретінде көрсетуіміз керек. Дәл осы сынды шараларды аймақтық филиалдарда өтіп жатқанын атап өткім келеді. Жастар жұмысшы мамандықтар иелерін – коммуналдық қызметкерлер, зауыт-фабрикада жасайтын аруларды, тігіншілер мен фармацевттерді де назардан тыс қалдырмауда», — деді Ақерке Искандерова.

Іс-шара барысында ЖЭО-та еңбек ететін әйелдерге арнайы сыйлықтар табысталып, олардың жұмыс барысындағы жетістіктері аталып өтті. Өз ісінің майталмандары саналатын нәзік жандылар бұл салада қажырлы еңбек етіп, өздерінің біліктілігі мен кәсібилігін дәлелдеп келеді.

     «Біздің жұмысымыз халыққа қызмет ету. Тұрғындар үшін жауапкершілігі жоғары іс атқарудамыз, бұл бізге үлкен күш береді. Бүгінгі шара біздің еңбегімізге деген зор құрметтің белгісі. Осындай ілтипат пен қолдау бізге жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді. Әйелдер тек отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тірегі. Бізге көрсетілген бұл құрмет барша жұмысшы әйелдерге көрсетілген құрмет деп білемін», — деп өз әсерімен бөлісті  «Астана-Энергия» АҚ электр цехының аккумуляторшысы Сәуле Исмағұлова.

Бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іскер әйелдердің еңбегін дәріптеу, олардың кәсіби шеберлігі мен қоғамға қосқан үлесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, республика көлемінде барлық өңірлерде түрлі салаларда жұмыс істейтін әйелдерге арналған іс-шаралар өткізіліп, олардың жетістіктері насихатталуда.

 Сонымен қатар, Алматы қаласында «Жастар Рухы» белсенділері «БЕНТ» өндірістік-сауда зауытының әйелдерін құттықтап, жастарға экскурсия ұйымдастырды. Шара барысында зауытта еңбек ететін әйелдерге олардың кәсіби жетістіктері үшін құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Жезқазған қаласының орталығында, қоғамдық орындарда еңбек ететін әйелдерге гүл шоқтары табысталды. Ал, Семей қаласында мерекелік құттықтаулар коммуналдық қызметте жұмыс істейтін әйелдер мен кондукторларға арналды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025417 Views

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025555 Views

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.20258 165 Views
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.2025

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

04.07.2025

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

04.07.2025

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

04.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.