Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

07.03.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте әріптестері Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы лауазымын атқарған Серік Сермағамбетовті жаңа қызметке шығарып салды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.
Аймақ басшысы Серік Сағитжанұлының адал қызметі мен көпжылдық еңбек тәжірибесін атап өтіп, оған алғыс білдірді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст
«Серік Сағитжанұлын барлығыңыз жақсы білесіздер.
Еңбек жолын 1988 жылы Балық шаруашылығы министрлігінің материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасында
бас экономист болып бастаған. Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымдарында нәтижелі қызмет етті. Жалағаш ауданының әкімі, «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. Арал ауданын 3 жылға жуық уақыт басқарып, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосты. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы ретінде бір жылдан астам уақыттың ішінде ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.
Серік Сағитжанұлы мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтті, қай қызметте болмасын өзін білікті басшы, мықты ұйымдастырушы, жанашыр азамат ретінде танытты. Жаңа қызметіңізге табыс, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы еңбегі үшін Серік Сағитжанұлына Сыр жұртшылығы атынан Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Актив отырысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ізгі тілегін жеткізді. Өз кезегінде Серік Сермағанбетов көрсетілген құрмет үшін әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.