Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Жошы хан туралы халықаралық сериалдың түсірілімі басталды

04.03.2025

Тарихи фильм Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының павильондарында «The Golden Empire» жұмыс атауымен түсіріліп жатыр.

«Дара» Президенттік бастамалар қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба тарихи нақтылық пен драмалық баяндау үйлесім тапқан ауқымды мәдени оқиға болмақ.

Ағылшын тіліндегі деректі-көркем телехикаяның өндірісін Karga Seven Pictures жүзеге асыруда. Бұл компания 90-нан астам елде Netflix-тің ТОП-10 тізіміне енген «Осман империясының өрлеуі» және «Өсиет: Мұсаның тарихы» сияқты жобаларымен танымал. TAURUS Asia Production – жобаның жергілікті серіктесі.

«Дара» Президенттік бастамалар қорының хабарлауынша,  3 наурыз таңғы 6:00-де түсірілім басталған. Алғашқы кадрды түсірмес бұрын, режиссер Эмре Сахин, түрік продюсері Фикрет Маноғлу және TAURUS Asia Production продюсері Анна Чакиртова түсірілім тобын жігерлендіріп, бастамамен құттықтады.

оо

«Бұл жай ғана сериал емес, бұл өткенмен құрылған диалог. Әрқайсыңыз осы тарихты бүгінге жеткізушісіз. Әр қадам – ұжымдық еңбектің нәтижесі. Сценарийден бастап костюмдер мен декорацияға, жарық қоюдан операторлық жұмысқа дейінгі әрбір кезең – алға жылжудың маңызды бөлігі. Біз бірге жұмыс істейміз, бір-бірімізге қолдау көрсетеміз және бұл жобаның ерекше болатынына сенеміз», деді Эмре Сахин.

9:10-да жобаға арнайы жасалған 12 метрлік киіз үйде алғашқы кадр таспаға түсірілді. Ал түске дейін алғашқы дубль сәтті шығып бекітілген соң, түсірілім тобы дәстүрге сәйкес қолтаңбалар қойылған табақты сындырып, қатысушылар естелікке сынықтан ала кеткен.

лл

Қазіргі таңда түсірілім тобы жоғары дайындық деңгейін және ынтасын көрсетіп, белгіленген кестеге сай қарқынды жұмыс істеп жатыр. «The Golden Empire» сериалы Қазақстан киноиндустриясының дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық кинематографиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететінен сенім мол.

Фото: «Дара» Президенттік бастамалар қоры

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.