Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЛАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСІМІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЛАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

04.03.2025680 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен экономиканың нақты секторын қаржыландыру және Үкімет қаулыларының жобалары талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Возможно, это изображение 1 человек и текст «TUÑAN TURAN»

Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысы өткізген мәжілісте күн тәртібіндегі және басқа да маңызды мәселелерге орай жауапты сала басшыларына тапсырма берілді.
«Биыл ел экономикасының 107 пайыздық өсімін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өңірлер межесін Ұлттық экономика министрлігі әзірлеуде.
Біз қаржыландыру көздерін тиімді ұйымдастырып, экономикалық өсімге қол жеткізуіміз қажет.
Бүгінде мемлекет бизнесті қолдап, ынталандыруда. Өткен жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға барлық көзден 78 млрд. 651млн. теңге бағытталды. Мемлекет басшысының, Үкіметтің жан-жақты қолдауымен ауыл шаруашылығы саласының дамуында оң динамика қалыптасты. Жыл сайын субсидия, жеңілдетілген несие беруге қомақты қаржы бөлінеді.
Жақын күндері көктемгі дала жұмыстары басталады. Егін егу науқанына қажетті жанар-жағармай, техника, тыңайтқыштардың нақты көлемін есептеп, дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етіңіздер. Бұл жұмыстарға қала, аудан әкімдері де жауапты. Науқан еш кедергісіз өтуі үшін барлығын жүйелі ұйымдастырыңыздар.
Тұрғындарға электр энергиясын, жылуды, суды және газды үздіксіз беруде ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл халықты орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтуымыз қажет. Газдандыру деңгейін 82 пайызға жеткіземіз. Тиісті орталық атқарушы органдармен жұмыс жасап, жобаларды республикалық бюджет қаржысы есебінен барынша қаржыландыру, жетпеген бөлігіне арнайы қорларды, демеушілерді тарту керек.

Возможно, это изображение телевизор и текст

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жыл соңына дейін жоспарланған жобаларды басты назарда ұстаңыздар. Биыл салынатын, сатып алынатын пәтерлердің сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеудің тиімділігін қарау жөніндегі кеңес жұмысын жандандырып, алдағы уақытта ең қажетті жобаларды бірінші кезекке қойыңыздар», – деді Н.Нәлібаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі жаңа автовокзалдың жұмысы бір жүйеге қойылмағанын айтып, барлық автобустың жаңа автовокзалдан қатынауын міндеттеді. Басқосуда «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған медициналық нысандардың сапасына қатысты да сын айтылып, жақын арада кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тапсырма берілді.
Құрылыс саласындағы өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік осал топтар үшін сатып алынған тұрғын үйлер сапасы. Аймақ басшысы тұрғын үй қорына мониторинг жүргізіп, қорытындысын 1 аптада ұсынуды тапсырды. Егер аудан әкімдерінің берген ақпараттары сәйкес келмесе, тиісті кадрлық шешімдер қабылданатынын қатаң ескертті.
Жиын соңында Қызылорда қаласы, аудан әкімдеріне «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту, әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру, ойын алаңдарында, саябақтар мен аллеяларда сенбілік ұйымдастыру бойынша тапсырма берілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025417 Views

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025555 Views

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.20258 165 Views
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында заманауи кірпіш зауыты іске қосылды

05.07.2025

Арман Исетов сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

05.07.2025

Президент екі елдің елшілерін тағайындады

05.07.2025

«МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫМЕН ТАНЫСТЫ»

04.07.2025

Мемлекет басшысы АҚШ Президентін құттықтады

04.07.2025

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

04.07.2025

Талдықорғандық оқушы Еуропада өткен география олимпиадасында топ жарды

04.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.