Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 30 ЖЫЛ

03.03.2025454 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Біздің еліміз үшін ең құнды, ең асыл дүниелер ол – татулық, бірлік, келісім. Мемлекеттілігіміздің басты негізі – халқымыздың бірлігі.

Бүгінде Қазақстан халқын бір атаның балаларындай еліміздің өркениетті даму жолындағы игілікті іске жұмылдырып отырған – Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бұл ұйым 1995 жылы құрылып, елдегі түрлі этностар мен мәдениеттердің ынтымақтастығын, бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды институтқа айналды. Оның басты мақсаты – елімізде барлық этностар мен ұлттардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, қоғамдық келісімді қолдау және мәдени көптүрлілікті сақтау.
Бірлігі бекем елімізде Қазақстан халық Ассамблеясының атқарып келе жатқан қызметінің нәтижесінде елімізде этностық және діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциялық құқықтары мен еркіндігін толық қолдана алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Сөйтіп, Қазақстанның көп этностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік берік орын алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты мақсаты және түбегейлі міндеті – этносаралық қатынас саласында мемлекеттік органмен және азаматтық қоғам институтарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Осы мақсатта халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдап дамыту, қоғамдағы экстремизм мен радикализм көріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтың құқықтық бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу, азаматтың демократиялық нормаларына сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру да осы ұйымның төл парызы. Ынтымақ ұйытқысына айналған ұйым бұл мақсаттырды жоғары деңгейде орындап келеді.

Қоғамдық сана қалыптасу үшін, уақыт талабына сай өзгеру үшін де оған ықпалды күш болады. Олар – өмірлік тәжірибесі бар аға буын. Қай қоғамда да алдыңғы аға буын өзінен кейінгілерге жол көрсетіп, бағыт береді. Қазақ қоғамында ол міндетті қариялар атқарды. Дала заңы бойынша ел ішіндегі екеуара немесе руаралық дау-дамайды әділ шешіп, жанжалдасқан екі тарапты мәмілеге келтіріп, татуластырыпты, тентек-теліні тезге салып, түзетіп отырыпты. Яғни қандай жағдайда да ақсақалдарымыз ел ішінің бірлігін сақтап қалуды көздеген.
Қазір де ел ісінде ақсақалдардың үлес салмағы басым. Осыған сәйкес елімізде 2022 жылы Қазақстан халық Ассамблеясы жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылды.
Қазалы ауданында да сол жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аудандық ақсақалдар кеңесі құрылды. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтіккеңесші орган. Аудандық ақсақалдар кеңесі құрылғалы бері кеңестің 25 рет отырысы өтті. Онда жергілікті жердегі түрлі өзекті мәселелер көтеріліп, олардың шешулі жолдары қарастылды. Кеңес құрамында жергілікті қоғамдастықтың ақсақалдары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың беделді, белсенді өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары және аймағымызға белгілі зиялылар бар.
Биыл ауданымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай мерейтойлық іс-шаралар 2025 жылға арналған ауданның қоғамдық-саяси маңызды шаралар жоспарына сәйкес жыл көлемінде өткізу жоспарланып отыр.
Қазақстан халқы Ассамблеясына және барша азаматтарға бейбітшілік пен келісімнің туын биік ұстап, халқымыздың достығы мен бірлігін нығайтып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін аянбай еңбек етуді тілеймін.
Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Қасқырбай Әлімбай,
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қазалы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202581 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202592 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025565 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.