Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?
Аймақ жаңалықтары

НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?

27.02.2025437 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Наурыз айындағы мерекелер тек табиғаттың жаңаруы мен көктемнің келуін атап өтумен шектелмейді. Бұл мерекелер халық арасында достықты, сыйластықты және бірлікті нығайтуға, еліміздің мәдени мұрасын сақтауға бағытталған. Наурыз айында өткізілетін әрбір мереке өзінше маңызды және терең мағынаға ие. Ал бұл мерекелерді өңірде кең көлемде атап өту мақсатында түрлі іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов брифингте баяндады.
Көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күні — биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен қатар келіп отыр.
— «Бірлік пен ынтымақтастыққа 30 жыл» айдарымен біз қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің мызғымас бірлігі мен әрбір азаматтың Отанға деген мәңгілік сүйіспеншілігін одан әрі ұлықтауымыз қажет. Мерекелік іс-шаралар 25 ақпан – 2 наурыз аралығында ұйымдастырылады. Апта көлемінде облыс бойынша 200-ге жуық кешенді іс-шаралар облыс орталығымен қатар, аудандарда және барлық елді мекендерде өткізіледі. Негізгі іс-шаралар 1 наурыз күні Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған тақтаның ашылу салтанатынан бастау алады. Одан әрі аймақ басшысының қатысуымен салатанатты іс-шара, гүл шоқтарын қою рәсімі, «Қайырымдылық қоржыны» акциясы ұйымдастырылады, — деді облыс әкімінің орынбасары.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеудің қалыптасқан дәстүрі аясында облыс көлемінде 173 іс-шара өткізілмек. Жұмысшы мамандықтарға басымдық беріле отырып, барлығы 50-ге жуық нәзік жандар қатысатын аймақ басшысының мерекелік қабылдауы 7 наурызға белгіленген.
Былтырдан бері елімізде «Наурыз мейрамын атап өтудің тұжырымдамасы» қабылданған. Соған сәйкес Наурызнама онкүндігі 14-23 наурыз аралығында өтеді.
— Биыл да Наурызнама онкүдігінде әр күнге арнайы тақырыптар бекітілді. Осы бағытта облыс көлемінде 103 іс-шара жоспарланса, оның 38-і облыстық деңгейде өткізіледі. 14 наурыз – «Көрісу күні — Амал мерекесі» атап өтуден «Наурыз» мейрамын тойлау бастау алады. 15 наурыз – «Қайырымдылық күні», 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні», 17 наурыз – «Шаңырақ күні», 18 наурыз – «Ұлттық киім күні», 19 наурыз – «Жаңару күні», 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні», 21 наурыз – «Ынтымақ күні», 22 наурыз – «Жыл басы», 23 наурыз – «Тазару күні» наурызнаманың қорытынды күні жалпыұлттық экологиялық акция ұйымдастырылып, «Тазалық эстафетасы» басталады, — деді облыс әкімінің орынбасары.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202581 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202592 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025565 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.