Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАЛҒАСУДА

24.02.2025466 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы Сыр өңірінде кеңінен қолдау тауып, ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қала, аудан, елді мекендер тұрғындары, мемлекеттік мекеме, қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартуға біркісідей атсалысты. Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағы абаттандырылып, көшеттер отырғызылды, ағаштар әктелді. Жасыл желекті көбейту және тазалық сақтау бағытында жергілікті мекемелер белсенді еңбек етуде. “Жасыл Қызылорда” мекемесінің мамандары Қызылорда қаласындағы Н.Назарбаев даңғылы бойын көгалдандыруға қызу дайындықты бастап кетті. Қазір топырақ құнарлылығын арттыру үшін көңмен байытылған құм төселуде. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында арық жүйелерін тазалау және көгалдарды күтіп-баптау да жүйелі жүргізілуде.
Возможно, это изображение 1 человек, дерево и трава
“Қызылорда тазалығы” мекемесі көшелер мен қоғамдық орындардың қоқысын жинау, абаттандыруды жалғастыруда. Қала тұрғындары мен қонақтарына таза әрі жайлы орта қалыптастыру мақсатында сенбіліктер ұйымдастыру өте маңызды.
Бүгінгі сенбілікте облыс орталығы мен
барлық аудан тұрғындары жоғары белсенділік танытты.
Айта кету керек, экологиялық іс-шара басталғалы бері оған 730 000-ға жуық облыс тұрғыны қатысты. 27 000 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 505 сквер мен саябақ, 225 тарихи- мәдени ескерткіш аумағы, 791 әлеуметтік нысан, 4596 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су нысаны, 47 451 аула мен көше тазартылды. Бағдарламаға қатысу арқылы әрбір азамат өз аумағын таза ұстап, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге үлес қосады. Бұл — экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам.
Еске салайық, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен тазалық, көркейту-көгалдандыру бағытында 2023 жылдан бері «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауы бастау алды. Кейінгі 2023-2024 жылдары байқау 3 мәрте өткізілді. Облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлініп, жеңімпаз елді мекендерге 48 арнайы коммуналдық техника табысталды. Осы техникалар жеңімпаз атанған аудан орталықтары мен ауылдарда қызмет етуде.
Конкурсты биыл да өткізу жоспарда бар.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.20251 973 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.