Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ҮЛКЕН БАҚЫТ
Аймақ жаңалықтары

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ҮЛКЕН БАҚЫТ

21.02.20259 171 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Адамды адам еткен – еңбек емес пе, сол еңбек табыс тауып, жағдайды жақсартуға жол ашатын, әрі абыройға жеткізетін алтын арқау десек болады. Ондай асыл борышты осы жолда жүрген әрбір жан жақсы біледі. Бүгінгі кейіпкеріміз Ерболат Маханбетов те елге қызмет көрсету үшін білекті бекем түрген жігерлі азаматтардың бірі. Ол қалалық «Су жүйесі» мекемесінде он жылдай уақыт қызмет жасайды. Еңбектің ыстық-суығына көнген, бүгінде тәжірибелі мамандардың қатарында.
Ерболат Қызылорда аграрлық техникалық колледжін автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығы бойынша бітірген соң «Қызылорда РемЛокомотив»,«Ремводпроект» мекемелерінде, «СМП Бейнеу» серіктестігінде түрлі еңбек сатысынан өтті.
Наны тәтті еңбектің шеберлік мектебінде шыңдалды. Соның нәтижесінде облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
– Маған мемлекет басшысының: «… Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы — әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс», – деген сұңғыла сөзі қанаттандырады. Қазіргі қаланың коммуналдық қызмет көрсету саласы өте жауапты жұмысты талап етеді. Біз техникалық құрылғылардың, агрегаттардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Сол үшін уақыт пен мүмкіндікті тиімді пайдаланып, сапалы қызмет жасауды жолға қойдық. Бүгінде ерінбей жасалған еңбектен көптің ризашылығын көремін. Еңбек рахатын сезінемін. Осы орайда қатарластарыма елге қызмет ету үлкен бақыт екенін жеткізгім келеді. Мұндай ізгі ниет отбасылық тәрбиенің негізгі түйініне айналған. Жұбайым Жадыра Қуанышқызы №6 қалалық емханасында аға мейірбике болып еңбек етеді. Екеуміз екі ұлымызды халықтың ұлы болғанын қалаймыз, – дейді Ерболат Аханұлы.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026553 Views

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026196 Views

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026251 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанды әлемге танытқан кадрлар: тревел-блогер Дастан Мұхамедрахыммен сұхбат

25.06.2026

Президент гранты мен сыйлығын алған журналистер белгілі болды

25.06.2026

Облыстарда жұмыс істейтін 66 журналистке баспана беріледі

25.06.2026

Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астанада өтеді – БАҚ

25.06.2026

Тоқаев журналистерді төл мерекесімен құттықтады

25.06.2026

«Горбачев Назарбаевты қабылдағысы келмеген»: Шыңғыс Айтматовтың ұлы тың дерек айтты

24.06.2026

Алматы облысында әйелі мен ұлы полицейді өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

24.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.