Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА
Аймақ жаңалықтары

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

21.02.2025495 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Серік Төленбергеновпен кездесті. Кездесуде су тасқынының алдын алу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды.
Аймақта тиісті сала мамандары («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы бекеттер мен тораптардағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізуде. Жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы мамандары тәулік бойы кезекшілікте.
Облыс бюджетінен қаржы бөлініп, «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен келісім-шарт жасалған, соған сәйкес 2 тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару бойынша да арнайы мамандандырылған мекемемен келісім-шарт бар.
Өткен жылы 3 нысандағы қорғаныс бөгеттерін жөндеу-қалпына келтіруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, бюджеттен тыс көздер есебінен 20 нысан жөнделіп, қалпына келтірілді.
Облыс аумағында 37 гидротехникалық құрылыс бар. Коммуналдық меншіктегі 3 су қоймасына тексеру жүргізіліп, қауіпсіздік декларациясы рәсімделген. Биылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы қарастырылуда.
Су тасқыны болған жағдайда 61 эвакуациялық жинақтау және 71 қабылдау пункті халықты көшіруге дайын. Ақпанның 6-7 күндері «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Су тасқынына қарсы 123 жеке құрам, 23 техника, 6 жүзу құралы, 33 мотопомпа және 2 тікұшақ әзір.
Кездесуде С.Төленбергенов су тасқынына қарсы шараларды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, Төтенше жағдайлар вице-министрінің Сыр еліне жұмыс сапары аудандарда жалғасады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.