Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аймақ жаңалықтары

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.02.2025341 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру және Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа мәселесі қаралды. Жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте аталған мәселелер жан-жақты талқыланды.
«Әлеуетті инвестициялық жобаларды анықтап, оларды жүзеге асыру үшін инвестор тартуға жұмыс істеңіздер. Жобаларды іріктеу кезінде экономикалық тиімділігіне және жұмыс орындарын құруға басымдық берілуі тиіс. Инвестор тарту үшін оларға жеңілдіктер мен субсидиялар ұсыну, салық жеңілдігін жасау, инфрақұрылым жүйелері жүргізілген индустриялық аймақтан жер ұсыну секілді қажетті ақпараттарды беріп, мүмкіндігінше қолдау көрсетуді ұйымдастырыңыздар. Әрбір жобаның іске асырылу барысы мен қаржыландыруын бақылауға алыңыздар.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға жобаларды тоқсан сайын өзектендіруі тиіс. «Акса Энерджи» компаниясының қуаты 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығын платформадағы «Жасыл дәлізге» енгізу үшін тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіңіздер. Цифрлық платформаның республика деңгейіндегі рейтингінің алдыңғы қатарында болуын тиісті басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері арасында үйлестіріңіздер», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
​Айта кетейік, 2024 жылы өңірге 517 млрд. 500 млн. теңге инвестиция тарту индикаторы бекітілді. Инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар есебінен 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды. Оның 70,5 пайызы – жеке инвестициялар. Тоғыз айдың қорытындысымен 171 млн. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
Былтыр 37 млрд. теңгенің 21 жобасы іске қосылып, 411 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл 288 млрд. 600 млн. теңгенің 33 жобасы іске қосылады деп жоспарлануда. 2025-2029 жылдары аймақта құны 2 трлн. теңгеге жуық 87 инвестициялық жоба іске асырылып, 8 300 жаңа жұмыс орны ашылады.
Өңірде жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулы аясында 988 млрд. 200 млн. теңгенің 51 жобасы қолға алынған. Өткен жылдың төртінші тоқсанының қорытындысымен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға барлық жоба өзектендірілді. Инвестициялық жобалар пулы аясында 35 млрд. 800 млн. теңгенің 14 жобасы іске қосылып, 347 жұмыс орны құрылды. Биылға 282 млрд. 100 млн. теңгенің 16 жобасы жоспарланған.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026173 Views

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026582 Views

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026417 Views
Соңғы жаңалықтар

Астанада Өңірлік экологиялық саммит аясында энергоауысым мәселелері талқыланады

16.02.2026

2026 жылы Қазақстанда 90 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде

16.02.2026

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау басталды

16.02.2026

Қазір ЖЭО-ларда 4,5 млн тоннадан астам көмір қоры бар

16.02.2026

Энергетика министрлігінің өкілі көмір генерациясы бойынша ұлттық жобан іске асыру туралы айтты

16.02.2026

Премьер-министр Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

16.02.2026

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдар 48 мыңнан астам қызмет алды

16.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.