Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»РОМАН СКЛЯР ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ МЕН ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА БАРДЫ
Аймақ жаңалықтары

РОМАН СКЛЯР ЖАҢА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫ МЕН ШЫНЫ ЗАУЫТЫНА БАРДЫ

14.02.2025907 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен және шыны зауытының жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында бүгінде өңірдің энергетика саласының даму қарқыны жоғары.
Возможно, это изображение нефтеперерабатывающий завод
Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы бой көтеріп келеді. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. Жаңа жылу-электр орталығы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдессіз жобалардың бірі. Ол іске қосылғанда өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады. Өңір үшін айрықша маңызға ие нысан биыл ел игілігіне табысталады.
«Orda Glass Ltd» ЖШС шыны зауытындағы жаңа желінің жұмысы да қарқынды. Зауытта жылына 197,1 мың тонна шыны өндіріліп, Ресей Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. Бүгінде онда 366 маман жұмыс істейді, оның 269-ы – қазақстандық, 97-сі – шетелдік. Өткен жылы шыны зауыты ішінен энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылған болатын. Қытайлық инвестор алдағы уақытта 2 кезеңге жоспарланған жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Бірінші кезеңде, яғни 2026 жылы жылына 200 мың тонна кварц құмын өңдейтін цех, екінші кезең – 2028 жылы тәулігіне 500 тонна күн фотоэлектрлік шыны өндірісі ашылады.
Возможно, это изображение 7 человек и литейный завод
Айта кетейік, облыста негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды. Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен жүргізілген жұмыстардың арқасында 2024 жылдың 9 айында 171 млн. доллар тікелей инвестиция тартылды. Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 37 млрд. теңгенің 21 инвестициялық жобасы жүзеге асты. 2025-2029 жылдарға 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 65 инвестициялық жобасы межеленген.
Нет описания фото.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025595 Views

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.20253 705 Views

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

01.07.2025208 Views
Соңғы жаңалықтар

Trump-тың алтын смартфоны АҚШ-та жасалмайтын болды

01.07.2025

Ұлттық статистика: Қай өңірлерде халық саны миллионнан асты?

01.07.2025

Әйелін жұмыс орнында әріптесінің көзінше өлтірген қылмыскер сотталды

01.07.2025

ҚТЖ-ның жаңа басшысы – Даниал Ахметовтің күйеубаласы

01.07.2025

Қазақстанның бес трансшекаралық хабы: қорытындылары мен жоспарлары

01.07.2025

Жамбыл облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды

01.07.2025

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ ҮНЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

01.07.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.