Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Баспасөз һәм басқа сөз
Жаңалықтар

Баспасөз һәм басқа сөз

11.02.2025207 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Баспасөздің анықтамасы баршаға аян. Баяғыдай тасқа басылып тарайтын газет-журналдың жиынтық атауы. Ал өзімізше өгейсітіп, басқа сөзге балап отырғанымыз: радио, теледидар, фейсбук, инстаграм, тик-ток, тағысын тағылар. Уақыт ұршығында ұтымды айналып, бейбітқатар өмір сүруге әбден лайық бренд пен тренд.

Журналистиканың классикалық дәстүрлерін бойына сіңірген мерзімді басылымдардың бүгінде басынан бағы тайғандай көрінетіні бар. Нарыққа наз жүрмейтінін білеміз. Әйткенмен қымбатшылық қыспағына түскен әлеуметтің әл-ауқаты әжептәуір әлсірегені белгілі. Қоғам да, адам да өзгерді. Құндылықтар құлдырады. Рухани әлеуетіміз әлсіреді. Күнкөріс қамы алдыңғы кезекке шықты. Тапқан-таянғаны тамағынан аспайтын ағайынды баспасөзге жазылмайтынын бетіне басып, айыпқа бұйырудың жөні жоқ. Тиражы кеміп титықтаған ұлттық үнжариялардың ахуалы алаңдатады. Баспахана қызметінің бағасынан бас айналады. Оқырманға жеткізу барысындағы тасымал тауқыметі – тау­сылмайтын тақырып. Айта берсек, арыз көп.

Қаптаған қиындыққа қарамастан қазақ баспасөзі ұлт ұпайын түгендеуге аянбай атсалысып келеді. Егемен еліміздегі жылт еткен жағымды жаңалықтарды әріптестеріміз жарғақ құлағы жастыққа тимей жалпақ жұртқа жеткізуге асығады. Жақсыны мақтайды, жаманды даттайды. Елдік мәселелерді екшейді. Түрлі себептерге байланысты ақиқатты жеріне жеткізе айта алмай қалатынымызды мойындаймыз. Өйткені ойдағыға бойдағы күшіміз әмсе жете бермейді.

«Іштен шыққан жау жаман». Кейбір кер­ауыздар, әсіресе телевизиядағы, әртүрлі сайттағы әлдебіреулер қазақ газеттері туралы әулекі әңгімелерді қоздатып, онсыз да жұқарған жүйкемізге ши жүгіртуді әдетке айналдырып алғандай. Ондайлардың ойынша, мемлекеттің мол қаржысын біз орынсыз «жұтып» жатқан секілдіміз. Әлеуметтік желілер желдей ескен заманда көпшілікке кешігіп жететін хабар-ошардың түкке керегі жоқ көрінеді. Сондықтан газет-журнал атаулының сорын сорпадай қайна­тып, тегіс жауып тастау қажет.

Көрдіңіз бе, көкезу «қарақтардың» қалай-қалай көсілетінін? Ең бастысы, мұндай пікірлерін әлгі пысықайлар мәртебелі жиындардың мін­берінен айтатынын қайтерсің. Оларға биліктің бишігін ұстаған баз бір лауазымды бауырларымыз да қосылып кететіні өкінішті-ақ. Бір қуанарлығы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Ana tili» газетіне берген сұхбатында «Мен ақпарат кеңістігіндегі үрдістерді жіті қадағалап отырамын. Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды. Мерзімді баспасөз бәрібір мемлекеттік саясаттан хабар беретін маңызды ақпарат көзі болып қала береді», деп ордалы ой білдірді. Бұл – әрине, жақсылықтың белгісі.

Республиканың ресми үні есепті «Егеменге» тіл тигізіп, алыстан айбат шегетіндер де төбе көрсетіп қояды. Әсіресе әнеубір телеарналардан шатып-бұтып хабар жүргізетін шалағай журналистердің сандырақ сөзін естігенде еріксіз сыңар езуімізді тарттық. Атам қазақ айтқыш қой. «Көк қарға к…не қарамай әулие ағаштың басына қонады» дейді. Әлгіндей «әріптестердің» «Егемен» бастаған елдегі басылымдардың атына сын айту үшін алдымен өздері екі ауыз сөйлем құрауды үйренгендері жөн болар еді.

Бүгінде блогерлер мен КВН-шылардың тасы өрге домалап тұр. Бірі екіленіп журналистерге ежірейеді. «Көпірген көлдей-көлдей мақалаларыңды оқуға ешкім құлықты емес. Біз ақпаратты көзді ашып-жұмғанша жеткіземіз. Пәленбай жазылушым бар, мені жау шаппайды. Әкіреңбай әкімдердің біразы алдымызда құрдай жорғалайды. Сендерге бәрі қожа…». Екіншілері театр әртістеріне тепсінеді: «Сахнаға сағаттап телміртетін спектакльдеріңнің қажеті қанша? Біздің бір вайнға татымайды».

Ал айтысып көр!

Бірде есек пен жолбарыс ерегісіп қалыпты. Еріккен есек: «Осы шөптің түсі көк қой, иә?» депті. Жолбарыс: «Жоқ, жасыл», депті.

Екеуі әрі-бері айтысып, ақыры аң патшасы арыстанға жүгінбек болыпты.

Тақтағы тақсырына есірген есек айқайлай келіпті. «Мәңгілік мәртебелім! Далада өсіп-өнген шөптің түсі көк қой», депті. «Иә, көк» депті арыс­тан айбарлана. Есек одан сайын еліріп: «Мына ақымақ жолбарыс соны да білмей әбден жынымды ұстатты. Өзінің жазасын беріңізші», депті. Содан хайуанаттар әлемінің әміршісі жолбарысты үш жылға дейін үндемейтіндей жазаға кесіпті. Жазған құлда шаршау бар ма, «кінәсін» мойындаған жолбарыс жүні жығылса да, көкейіндегісін ірке алмапты. «Аса құрметті Арыстан-еке, шынтуайтында шөп жасыл ғой», депті. «Жасыл болғанда қандай!» депті паң патша. «Ендеше, мені неге жазаладыңыз?» депті шұбар ала шері сәл күмілжіп. Сонда арыстан ағынан жарылыпты: «Ештеңеден тайсалмайтын тарғыл тағым-ай, сен бір нәрсені түсінбепсің. Мен сені ақылды, қайратты басыңмен анау түсініксіз хайуанмен түкке тұрмайтын нәрсеге бола айтысып, соның дауын шешуге маған келіп, алтын уақытымды алғаның үшін жазаладым», депті.

…Пілге үрген қандендей, қасиетті қазақ баспасөзінің шаужайына жармасып, шабаланған әлдебір әумесерлердің солақай сөзін көр-жер әңгіме етіп, оқырманның ойын онға бөлген біздің әрекетіміз де жаңағы жолбарыстың қылығына ұқсап кеткен жоқ па? Онсыз да белгілі жай емес пе дегенім ғой…

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025201 Views

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025179 Views

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.20251 649 Views
Соңғы жаңалықтар

«Қасында қыздары бар»: Сара Алпысқызы жатқан аурухана туралы соңғы дерек шықты

06.05.2025

Отаншылдық отты рухтан басталады

06.05.2025

Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады

06.05.2025

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

06.05.2025

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

06.05.2025

Қызылорда облысы әкімдігі мен Хынг Йен провинциясы арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды

06.05.2025

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік боксшыларының қатарына енді

05.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.