Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

11.02.2025
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және облыстық мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ерлан Қалиев, Орынбасар Төлепов Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Елді мекендердегі өзекті мәселелер талқыланған кездесулер III Интернационал, Дүр Оңғар, Иіркөл ауылдары мен Жосалы кентінде өтті.
Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған іргелі істер, алда жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндады. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың алдағы жоспарына, депутаттармен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Халықтың тұрмысын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды атап өтті.
Кездесуге келген тұрғындар газдандыру, балабақша ашу, кітапхана ахуалы, ауыл көшелерін асфальттау, шлюз салу, кәріз жүйесі, жайылымдық жер, азық-түлік бағасының қымбаттауы, туризмді дамыту және білім саласына қатысты, басқа да мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, осындай ашық диалогтың маңызын атап өтіп, ризашылық білдірді.
Айта кетейік, ауыл тұрғындарымен кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, ауыл әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.
Сапар барысында облыстық мәслихат төрағасы мен депутаттар III Интернационал ауылындағы «Достық» бөбекжай-бақшасының жұмысымен танысты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.