Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖАСАЛДЫ

07.02.2025
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелерімен бірге өңірдегі көктемгі су тасқынының алдын-алу бағытындағы жұмыстарға партиялық бақылау жасадық.
Жалпы облыс аумағынан өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1 274 шақырымды құрайды. Ондағы қорғаныс бөгеті 625,12 шақырым. Осыған орай су тасқынына бейім 29 елдімекен белгіленген. Онда 70 мыңнан аса тұрғын, 14 мыңға жуық тұрғын үй орналасқан. Бүгінгі күні ықтимал су тасқынының алдын алу бойынша кешенді шаралар жүргізілуде. Мәселен, облыс әкімдігімен қысқы-көктемгі кезеңде Сырдария өзенінде үлкен көлемдегі суды қауіпсіз өткізу жоспары бекітіліп, су тасқынына қарсы жасалатын инженерлік жоспардағы іс-шаралар, 87,5 пайызға орындалған.
Возможно, это изображение трава
Облыстық жұмылдыру дайындығы аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүндабековтың айтуынша су басу қаупі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілген.
Атқарылып жатқан жұмыстармен таныса келе халықтың қауіпсіздігі бәрінен маңызды екенін тілге тиек етіп, азаматтық қорғау қызметінің басшыларына тәуліктің кез келген уақытында, кез келген нәрсеге дайын болу керектігін айттым.
Жалпы, қазіргі таңда Сырдария өзенімен облысқа келіп жатқан судың көлемі 463 м3/сек. Жетікөл каналының сағасынан 5 км төмен, Қызылорда су торабынан 75 км жоғары мұз ұстасқан. Жөлек елді мекені тұсында 10-15%, Тартоғай елді мекені тұсында 30% Сырдария өзенінде сең жүруде. Барлық қауіпті учаскелерде кезекшілік жұмысы ұйымдастырылуда.
#AMANAT

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.