Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Кәсіпкерге — қолдау бар

22.01.2025
Мемлекеттік бағдарламалар аясында қалада кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Бағдарламаның арқасында бизнеске бет бұрып, шаруасын ширатқан кәсіп иелерінің қатарында қала тұрғыны Жансия Альсеитова да бар. Кәсіпкер 2019 жылдан бастап жартылай фабрикатталған өнімдер өндірісімен айналысып келеді. Өткен жылы цехты кеңейту мақсатында Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 22 млн. теңге қаражатқа ие болды. Бөлінген қаржыға 1000 шаршы метрге дейін өндіріс орнын кеңейтіп, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтады. Цех жуырда іске қосылады. Әзірше 5 адамды жұмыспен қамтыған кәсіп иесі күніне 100-110 кг өнім өндіруде. Дайын өнімдер қала орталығындағы дүкен сөрелерінен орын табуда.
Возможно, это изображение 1 человек, багет и текст
Өңірлік инвестициялық орталық арқылы 30 млн. теңгеге жеңілдетілген несие алып, наубайхана ісін қолға алған кәсіпкердің бірі — Анар Романова. Кәсіпкер қазір 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Наубайханада күніне 400-ге жуық нан өнімдері дайындалып, қаладағы дүкендерге жеткізіледі. Ерекшелігі бұл өнімдер табиғи жолмен ашытылып пісіріледі. Алдағы уақытта кәсіпкер Сол жағалау тұрғын ауданынан кеңейтілген наубайхана ашпақ ниетте.
Қала тұрғыны Мадина Сейілханова да осы бағдарлама аясында 13 млн. теңгеге жеңілдетілген несие алып, жаңа «Бибі-Ана» наубайханасын іске қосты. Күніне 100-ден аса өнім шығарып, «Ақмаржан» мөлтек ауданының тұрғындарын қамтуда. Наннан өзге де өнімдерді сатылымға шығаруды жоспарлауда.
Жалпы, өткен жылы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, жалпы құны 502,3 млн. теңгені құрайтын 41 жоба қолдау тапты.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.