Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылорда облысында былтыр 11 ауылға газ берілді
Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысында былтыр 11 ауылға газ берілді

22.01.2025334 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Былтыр Қызылорда облысында 11 ауыл табиғи газға қосылды. Бүгінде өңір тұрғындарының 78 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Газдандыру жұмыстары жалағасыды ма? Мамандар түзген жоспар қандай? Қызылорда қаласының іргесіндегі Баймұрат Батыр ауылына бірер ай бұрын ғана газ келді. Осы елді мекенде 40 жылдан бері тұратын Шырынкүл Ізтлеуова көмір тасудың бейнеті аз болмағанын айтады. Отын үнемдеу үшін күніне бір-екі рет қана пеш жағады екен. Газ қосылғаннан кейін, бұл қиындықтар артта қалды.  Шырынкүл Ізтлеуова, Баймұрат батыр ауылының тұрғыны: — Пеш жаққан кезде бірде қоңыр салқын болады, бірде жылы болады. Азаннан кешке дейін жаға бермейсің ғой. Бір мезгіл жаққасын, салқын болып тұратын. Қазір бірқалыпты температурада тұр үйміз. Арал ауданына қарасты Сексеуіл кенті үшін Жаңа жыл жағымды жаңалықпен басталды. 12 мыңнан астам тұрғыны бар ауылға табиғи газ қосылды. Олар көгілдір отынға ең бірінші қазақтың ұлттық тағамы — бауырсақ пісірді.  Дәметкен Аяғанова, Сексеуіл кентінің тұрғыны: — Осы бүгін міне алғашқы нанын пісіріп жатырмын табиғи газымызға. Өте жақсы, керемет, үйіміз жып-жылы. Екі этажды үйімізді жылытып тұр. Бала-шаға жеңіл киіммен жүгіріп жүр. Былтыр өңірде ауылдарды газдандыру үшін құны 30 миллиард теңге болатын бірнеше жоба жүзеге асып, 11 елді мекен табиғи газға қосылды. Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетті,-дейді мамандар.  Бақыт Жаханов, облыс әкімінің орынбасары: — Бұдан қосымша қазір 9 елді мекенді газдандыруға байланысты 8,2 миллиард теңгеге жобалар әзірленді. Алдағы бюджетті нақтылау барысында осы мәселені талқылап, қосымша қаржы аламыз деп жоспарлап отырмыз. Әр елді мекенді газға қосқаннан кейін, әрі қарай қасындағы басқа елді мекендероді газға қосу жұмыстары қарқынды жүретін болады. Әрине бұл біріншіден қаржыға байланысты. Сондықтан біз бұны тоқтатпай, жұмысын тек қана жандандырамыз.  Қызылорда облысында салынып жатқан  жылу-электр орталығы да газбен жұмыс істейді. Жаңа станция «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральді газ құбырына қосылады. Мамандар бұл жоба аймақ экономикасына оң әсер етеді деп санайды. Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев

Ақпарат 24.kz/kz алынды

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025429 Views

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025839 Views

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.