Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

11.11.20245 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Тартысты доданың ашылу салатанатында облыс әкімінің орынбасары Ш.Байманов сөз алып, сыр спортының жарқын жетістіктеріне тоқталып өтті:
— Қадірлі спорт сүйер қауым! Халқымыздың мәдениетінде, әдебиетінде өшпес із қалдырған, жауқазын шығармаларымен көптің көңіліне жол тапқан, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда ерекше рөл атқарған Әбенің 100 жылдық мерейтойы тек даталы мереке емес. Қанша уақыт тойласақ та, қанша уақыт жырласақ та оның кемел болмысын, даралығын ашуға сөзіміз де, ісіміз де жетпейтіні анық. Қазан айының 20-шы жұлдызынан бастау алған іс-шаралар легі бүгін, міне, жазушының туған жеріндегі тартысты додамен жалғасын табуда. Қазақ күресі – тек күш пен шеберлікті көрсететін спорт емес, ол – ұлттық мәдениеттің, дәстүрдің, және патриотизмнің жаршысы. Барша қатысушыларға сәттілік тілей отырып, мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! Әбдіжәміл Нұрпейісовтің рухына, әдебиетіміз бен мәдениетімізге құрметімізді білдіріп, оның шығармалары арқылы жүрегімізде орын алған асыл құндылықтарды мәңгілікке жаңғырта берейік, — деді Ш.Асқарұлы.
Мұнан соң «Аралтұз» АҚ зауыт директоры Д.Рахымбаев пен Ә.Нұрпейісовтің немере інісі Ә.Сламбаевтар қатысушыларға сәттілік тілеп, Әбенің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Турнир барысында палуандар 6 салмақ дәрежесі бойынша белдесетін болады. Бұдан бөлек түй палуан сайысы бойынша да еліміздің әр аймағынан келген апайтөс алыптар өзара бақ сынасатын болады. Боз кілемде Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда қаласы, Жаңақорған ауданы, Шиелі ауданы, Сырдария ауданы, Жалағаш ауданы, Байқоңыр қаласы, Қармақшы ауданы, Қазалы ауданы, Арал ауданы командаларының палуандары өзара белдесетін болады.
Жазушының әдеби мұрасы мен қазақ күресінің арасындағы үйлесім де кездейсоқ емес. Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ халқының рухы мен батырлығын, отансүйгіштігін өз шығармаларында терең бейнелеген, ал қазақ күресі — халқымыздың күш-жігерін, еркіндігін және ерлік дәстүрін көрсететін ұлы спорт түрі.
Бұл турнирде жастар арасынан шыққан талантты палуандар өз күштерін сынап, қазақ күресінің асыл мұрасын сақтап қалуға үлес қосуда. Олардың арасынан болашақ чемпиондар мен еліміздің намысын халықаралық аренада қорғайтын мықты спортшылар шығарына сенім мол.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.