Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»БИЫЛ ОБЛЫСТАҒЫ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ СӘТТІ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

БИЫЛ ОБЛЫСТАҒЫ ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ СӘТТІ ӨТТІ

09.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
 Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қазсушар” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Айдос Асанбаев айтты.
— Биыл біздің облыс шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық суды үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді. Айта кетейін, осы жылы өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабына лазерлік тегістеу жұмыстарын жүргізді. Облыс бойынша күріш алқабының жалпы ауданы 84 мың гектарды құрады. Осылайша, биылғы жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп болып отыр. Вегетациялық кезеңде Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына вегетациялық кезеңде жоспар бойынша келетін су көлемі 500-550 м³/с болып белгіленсе, нақты 600-650 м³/с-қа дейін су түсті. Сонымен қатар, суару маусымы аяқталғаннан кейін, су тасқынын өткізуге дайындық үшін пайдалану ережелеріне сәйкес, 24-28 қазан аралығында барлық гидротехникалық құрылыстардың шандорлары кезең-кезеңімен көтеріліп, су қоймалары босатылып, қысқы жұмыс режиміне ауыстырылды. Су жеткізіп беру қызметін оңтайлы жүргізу және су шаруашылығы нысандарының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін теңгерімдегі 120,6 шақырымды құрайтын 23 дана каналдарға механикалық тазарту, 49 дана гидротехникалық құрылымдарды ағымдағы жөндеуге және 26дана су өлшеу бекеттерін қалпына келтіру межелеген болатын,- деді Айдос Әлібекұлы.
Егістікке су алу кезеңіне дейін 73,4 шақырымды құрайтын 22 каналға механикалық тазарту жұмыстары жүргізіліп 605 мың м3 топырақ шығарылса, 19 дана гидротехникалық құрылымды ағымдағы жөндеу және қажеттілікке байланысты 31 дана су өлшеу бекеттерін қалпына келтіру жұмыстары толық орындалды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.