Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Жастармен жұмыс жүйелі
Аймақ жаңалықтары

Жастармен жұмыс жүйелі

06.11.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ол әуелі Шиелідегі Оқшы ата мазаратына барды. Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 шақырым жерде орналасқан «Оқшы ата» кесенесі  республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіш. Әуелі осы қасиетті жерге табан тіреп, баба рухына дұға бағыштады.
  • –Жол түсіп, тарихы терең Сыр еліне келгендіктен қасиетті жерлерге баруды жөн деп білдім. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді халқымызда. Тарихымен таныстым.Бұл қасиетті мекен Ежелгі Тұранның, оғыздар мен түркі қыпшақтарының игі көсемдерін, әулие көрегендерін, батырлары мен шешендерін жерлеген Жеті әулие қорымы. Сапарымыз сәтті болып, іс-шарамызды абыроймен атқаруға жазсын, – деді Б.Нұржанұлы.
Одан кейінгі  сапар жастар ресурстық орталығында аудан жастарымен жалғасты.  Алдымен аталған мекеменің директоры Ержан Әбдешов келген қонақты жылы қарсы алып, орталықтың алға қойған жоспарымен толықтай таныстырды.
  • Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жас ұрпақтың белсенділігін арттыру, олардың жаңа бастамаларына қолдау көрсету мақсатында құрылған. Бұл орталықта 14 қызметкер штат бірлігінде болса, оның ішінде тікелей жастар саясатымен жұмыс істейтін мамандар саны – 6 есепші  – 1, техникалық қызметкер  – 7. Сонымен бірге кент және ауылдық округтердегі 23 маманның 13-і бас маман, 8-і жетекші, 2 маман әдіскер болып қызмет атқарады. Біздің мекемедегі қызметкерлер жастар саясатын жетілдіру ісіне сүбелі үлес қосуда. Бұдан бөлек, аудандағы жастарды кәсіп пен еңбекке, рухани құндылықтарға баулып, бірлесіп жұмыс істеп жүрміз, –  деді орталық басшысы.
Әрмен қарай кездесу барысы ауданның белсенді жастарымен көрініс тапты. Мұнда әр түрлі сала бойынша жас мамандар қатысып, келген қонаққа ұсыныс-пікірлерін білдірді. Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының Жастар денсаулық орталығының маманы Салтанат Қалекеева мамандарға өздерінің жұмыстары жайлы кеңінен тарқатып, пікір білдірді.
  • Біздің орталық жастар ресрустық орталығымен тікелей байланысты. Көптеген іс-шараларды бірлесе атқарып, жастармен жұмыс істейміз. Жалпы орталықтың мақсаты – жастар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын қорғау және психологиялық көмек көрсету. Қазіргі таңда ауданда салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы мен зиянды әдеттердің зардаптары бойынша тақырыптық ақпараттардың жастар денсаулығын сақтаудағы өзектілігін ескере отырып,  түрлі кездесулер өткізілуде. Мәселен, жыныстық жолмен жұғатын аурулардан сақтану, ерте жүктілік, түсік және тағы да басқа тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен аудан жастарының танымдық деңгейінің арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп отыр, – деді ол.
Сондай-ақ жастармен басқосуда «Жасыл ел» жобасының мәселелері жайлы айтылды.  Ұсыныстарда жоқ емес. Сондай ұсыныстардың бірі – квотаның мерзімін ұзартып, жастарға мейлінше квота көбейтілсе деген пікір. Иә, бұл мәселе жан-жақты талқыланып, алдағы уақытта қарастырылатын болады.
Келесі бағыт Бәйтерек ауылдық округінде орналасқан «Barly Bai & K» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің қызанақ пастасын шығару цехының жұмысымен танысты. Бүгінде мемлекет тарапынан ауылдарды дамытуға, әсіресе елді мекендерде ауыл шаруашылығы саласын жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда өңірде еңбек етіп тер төгіп, ризық несібесін жерден іздеген еңбек адамдары көп-ақ. Жомарт жер бабын тапқан сайын несібесін еселей түсіп, мол өнім береді. Ал оның сыры кең жазиралы жерде емес, алақандай жерді игеріп, табыс табуында. Қолына кетпен алып, жер тырмалаған Қанат Мұсаевтың қолы тиген жердің бәрі де берекелі. Ол отбасылық кәсіптің көзін тауып, қажырлы еңбектің арқасында қызанақ өнімінен «қызанақ» пастасын өндіретін цех ашты. Ол «Ауыл аманаты» жобасы аясында 27 млн теңге несие алып, «Barly Bai & K» өндірістік кооперативін құрып, кәсібін үлкейте түсті.  Цехта екі ауысым бойынша қызметкерлер жұмыс істейді. Бұл жобаның жалпы құны 48 млн теңгені құраған.

–Мұның барлығы оңай іс емес. Десе де, диқан еңбектеніп тер төксе, жер қайтарады. Тұқымды бір жерге отырғызып, сол жерден өнімді ала салмаймыз. Бірінші жәшіктердегі жылытылған топыраққа егіп алып, шыққан жасыл желекті қағаздан жасалған шағын стакан іспетті ыдысына көшіреміз. Содан кейін ғана көшеттер егістік даласына жол тартады. Мұның бәрі уақытылы суару, тыңайытқыш беру секілді көзге көрінбейтін тірліктерден құралады, – деді әңгіме барысында.

Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов   кәсіпкердің ынта-жігеріне тәнті болды. Осылайша арнайы іс-сапармен келген жұмысшы топтың бір күндік сапары жоғары деңгейде өтті. Олар шаруасы шалқыған Шиеліден жақсы әсер алып, әрі қарай Жаңақорған ауданына қарай бет алды…
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.202581 Views

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.202592 Views

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025565 Views
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Сәрсембаев жаңа қызметке тағайындалды

13.05.2025

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

13.05.2025

Шекара маңындағы аудандар дамып келеді

13.05.2025

Елімізде жұмыспен қамтылғандар саны артқан

13.05.2025

Әлем көшбасшылары Астана халықаралық форумында бас қосады

13.05.2025

Даяна Федосова – жаһандық доданың жартылай финалында

13.05.2025

Теңге бағамы: құбылғанмен, құлдырамайды

13.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.