Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті
Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысында ауыл әкімдерінің форумы өтті

01.11.20241 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Форумда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев ауыл әкімдерінің жұмысына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейінгі ең алғашқы қол қойған Жарлығы  «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болды. Ауылдарды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі.
Президентіміз биылғы Жолдауында «Үкімет пен әкімдер экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуға тиіс. Басты мақсат – азаматтардың табысын арттыру» деп, аса жауапты міндеттер жүктеді.
Қазір халық сайлады деп арқаны кеңге салып, қол қусыратын уақыт емес. Мемлекет басшысы «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда»  деген болатын. Халыққа берген уәдені орындап, Президентіміздің Әділетті қоғамды қалыптастырудағы реформалары мен саясатын өздеріңіз басқаратын аумақта жүзеге асыру қажет.
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін «Ауыл аманаты» жобасын тиімді іске асырыңыздар. Кәсіпкерлікті дамытуда жұртшылыққа мемлекеттік қолдауларды түсіндіріп, кәсібін ұйымдастыруға көмектесу қажет. Әрбір әкім өзі басқаратын елді мекендегі жұмыссыздар санын азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табыс көзін арттыру, салық базасын ұлғайту секілді негізгі міндеттерге баса назар аударуы керек.
Жер телімдері мақсатына сай пайдаланылуы, заңсыз немесе пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс, – деді аймақ басшысы.
Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауының арқасында облыс бюджеті 744 млрд. теңгеден асты. Осыдан екі жыл бұрын 364 млрд. теңге болатын. Өсім 204,4 пайызды құрады.
Бұл қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.
Облыс халқын табиғи газбен қамту деңгейі 75 пайыз, қалалар мен аудан орталықтары және 29 ауылдық елді мекен газға қосылған. Биыл газдандыру жобаларына 30 млрд. теңге қаржы бөлінді. Аталған қаржыға 306 шақырым газ желілері салынды. Бұл 20 мыңнан астам халқы бар 17 елді мекенге «көгілдір отын» қосуға мүмкіндік береді.
2022 жылдан бері ауыз сумен қамтуда 16 млрд. 800 млн. теңгенің 55 жобасы жүзеге асып, халыққа орталықтандырылған таза су беру деңгейі 98,6 пайызға жетті. Электр энергиясымен қамтуда 2022 жылдан бері 18 млрд. теңгенің 70 жобасы іске қосылды, биылдың өзінде 11 млрд. теңгеге 38 жоба қолға алынды. Бұл электр желілерінің тозуын 62 пайызға төмендетеді. Аймақта 43 млрд теңгеден астам қаржыға 300 шақырымға жуық автомобиль жолдары мен көпір өткелдері жөндеуден өтуде.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салынуда. Өткен жылы елді мекендерде 16 жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне табысталды. Басқосуда ,«AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, Ұлттық экономика министрлігі өңірлік даму департаментінің директоры Нұрлан Мақсұтов, партияның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов сөз сөйледі. Жиын соңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі, ел мүддесі жолында атқарған еңбегі үшін аудан әкімдері, сала басшылары мен мамандары Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026282 Views

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.20261 259 Views

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026399 Views
Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

30.04.2026

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026

Республикалық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті

25.04.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ЕГІСКЕ АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

24.04.2026

Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты

24.04.2026

Теміржол бойындағы дежавю және жаңа транзиттік саясат

24.04.2026

«Қазақстанның мүддесі толық ескеріледі» – Песков «Достық» жайлы мәлімдеме жасады

24.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.