Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Жаңалықтар

Тұңғыш рет асық атудан ашық турнир өтті

28.10.2024

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Республика партиясының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шарада 40 ойыншы бақ сынады. Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеудің қорытындысына сәйкес, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы ғана жолдама алды.

асық ату

«Осындай турнирді ұйымдастыру идеясы жарты жыл бұрын туындап, аймақтарда іріктеу жарыстарын өткіздік. Асық ату – көпшіліктің жадында ауыл балаларының күнделікті ойыны ретінде сақталып қалған. Ұлттық ойынымызды бұқаралық деңгейге көтеру мақсатында, бас жүлдеге автокөлік тігу арқылы қызығушылықты арттырғымыз келді. Іріктеу кезеңдерінде де жүлдегерлер ақшалай сыйақымен марапатталды. Осы турнирді алдағы жылдары дәстүрге айналдырсақ және жасөспірімдерді де қамтысақ деген жоспарымыз бар. Себебі жас буынды қазірден үлкен додаларға дайындай беруіміз керек. Жарыс барысында бәсекелестік өте жоғары болды. Әділ болу үшін, арнайы камера да қойдырдық. Жаңа есімдерді шығарып, оларға мүмкіндік беру — міндетіміз», деді «Көшпенділердің Асық спорты» халықаралық федерациясының президенті Олжас Құспеков.

Нәтижесінде мыңнан оза шапқан Әнуарбек Нұржігіт JAC темір тұлпарын тізгіндесе, күміс жүлдегер Нұрлан Жомарт 1 000 000 теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегер Ғарышбек Құлыбек 500 000 теңге сыйақымен марапатталды. Жеңіске деген жігері үшін Жетісу облысының өкілі Қастай Манасқа арнайы кубок берілді.

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.