Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

22.10.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық, қалалық ветаринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының жауапты басшылары, өңірлік қаржы институттары (“Қызылорда” өңірлік инвестициялық орталығы” микроқаржылық ұйымы”, «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы, «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы») өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық кірістер басқармасы, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссияың күн тәртібіне:
1. «Қала және кент, ауылдық округ тұрғындарына (осал топтарға) берілген мемлекеттік гранттар бойынша жобалардың іске асырылу барысы, нәтижесі мен тиімділігі туралы»;
2. «Өңірлік қаржы институттары мен екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен кәсіпкерлерді субсидиялау және дамыту мәселелері туралы»;
3. «Қалалық құрылыс бөлімі басшысының 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін тиімді және мақсатты атқарылуы жөніндегі есебін тыңдау туралы»;
4. «Қарауылтөбе және Қосшыңырау ауылдық округ әкімдерінің ауылды дамыту бағытында атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдау»;
5. «Қала аумағында ветеринарлық қауіпсіздіктің жай күйі мен жануарлардан жұғатын аурулардың алдын алу» мәселелері шығарылып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты, Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Е.Ахетов, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі, С.Әбдіқадіров, қалалық ветеринариялық станция басшысы Н.Төлегенов, «Қызылорда қаласының Мансап орталығы» филиалының директоры Ж.Төлегенов, Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Арын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалының директоры А.Жылқайдаров, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Депутаттар тарапынан кәсіпкерлерге берілетін субсидиялардың нысаналы мақсатқа жұмсалуына тұрақты мониторинг жүргізу, құрылыс саласындағы кемшіліктерді болдырмау, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылдау, нысандарды салу кезінде халықтың ұсыныс-пікірлерін назарда ұстау, Ауылда кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау, мемлекеттік жеңілдіктермен несие алуға ынталы азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, ауылдық округте инфрақұрылымды дамыту мақсатында Үкіметтік жобаларға («Өңірлерді дамыту» және «Ауыл-Ел бесігі» және т.б) ұсыныс беруді жалғастыру, жобалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, ауыл жастарының уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жасау, қалаға қарасты елді мекендерде жылқы малын азотпен таңбалау әдісін жандандыру, малды қолдан ұрықтандандыру жұмыстарын жандандыру, тұрғындардың иесіз жүрген ит-мысықтарға қатысты шағымдарын жүйелендіру мақсатында «Call-центр» байланыс ақпараттарын әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру туралы ұсыныстарын білдірді.
Комиссия отырысына комиссия төрағалары Е.Нұртазаев, М.Жүсіп төрағалық етті.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.08.20256 817 Views

Қазақстанда жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады

27.08.2025308 Views

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.20251 694 Views
Соңғы жаңалықтар

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР БӨЛІМШЕСІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

27.08.2025

Жамбыл облысында агродрондар өндірісі жолға қойылды

27.08.2025

Қазақстанда 90 мыңға жуық бала «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша мектепалды дайындықтан өтті

27.08.2025

Қазақстанда жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады

27.08.2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

27.08.2025

СЫР ӨҢІРІНДЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ XXXVIII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

26.08.2025

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

24.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.