Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

«Алтын күздің» ұлттық ат спорты бәйгесі тартысты өтті

14.10.2024
Фото: облыс әкімдігі

Аймақ басшысы жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

«Берекесімен, молшылығымен келетін күз мезгілінде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырып, мәре-сәре болып, бір жасап қалады. Егінім бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді.

Ертеден жеткен осы дәстүрімізді біз де жалғастырып келеміз.Баршаңызды «Алтын дән-2024» ұлттық ат спорты бәйгесінен облыстық жарыстың ашылуымен құттықтаймын!

Қыркүйек айында Мемлекет басшысының бастамасымен өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 4 саңлағымыз бақ сынап 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша Сыр спортының жылнамасын жаңартты, этноспорттың дамуына үлес қосты.

Бүгінгі бәйге Сыр өңірінің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін!

Төзім мен жігер, қайрат пен мінез сынға түскен бәйгеде тұлпарлардың тұяғы талмасын, арғымақтар аламанда арындасын! Шабандоздардың тақымы тастай болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жарысқа қатысушыларға ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықпанұлы ақ батасын берді.

Бәйге жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар тағайындалған.

Аламан бәйге, 25 шақырым:І орын – 3 000 000 теңге,ІІ орын – 2 000 000 теңге,ІІІ орын – 1 000 000 теңге.

Тоқ бәйге, 15 шақырым:І орын – 1 500 000 теңге,ІІ орын – 1 000 000 теңге,ІІІ орын – 500 000 теңге.

Құнан бәйге, 11 шақырым:І орын – 1 200 000 теңге,ІІ орын – 800 000 теңге,ІІІ орын – 500 000 теңге.

Тай жарыс, 5 шақырым:І орын – 500 000 теңге,ІІ орын – 300 000 теңге,ІІІ орын – 200 000 теңге.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.