Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Аймақ жаңалықтары

Қала күні мерекелік концертпен қорытыланды

14.10.2024

Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы Сыр өңіріне келген сапарында облысымызға дамудың үлкен перспективалары бар стратегиялық маңызды аймақ деп оң бағасын берді. Биыл Қызылорда қаласының бюджеті 50 млрд. теңгеге артып, 107,9 млрд.теңгеге жетті.Қала күні қарсаңында тұрғындар асыға күткен жайлы мектеп, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы ел игілігіне табысталды.Сол жағалаудағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік10 көпқабатты тұрғын үйде қоныстой тойланды.Осы уақытқа дейін қаламыздың ең басты коммуналдық мәселесі болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты.Биыл 187 үй, алдағы жылы тағы 237 үй ыстық суға қосылады.Соңғы екі жылда біз барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық бердік. Ең алдымен облыс орталығындағы қоғамдық көлікке қатысты түйткілді түбегейлі шешу үшін 300 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа қоғамдық көліктер жолаушыларға қызмет көрсетуде.Тұрғындар сұранысына сәйкес алынған 200 санитарлық автокөліктің60-ы Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау мекемелеріне табысталды.Сүйікті қаламыздың самаладай жарқырауына, көркейіп, гүлденуіне бірге атсалысайық!Жаңа белестерді бағындырып, асқақ армандарға бірге жетейік! Әр шаңыраққа шаттық, береке-бірлік тілеймін!», – деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты іс-шарада қаланы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси тұрғыдан өркендетуде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен 9 азаматқа «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сан салада қызмет ететін 3 азаматқа облыстың ең жоғары марапаты – Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, 9 азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Қала күніне арналған мереке отандық эстрада жұлдыздарының концертіне және отшашуға ұласты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.