Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Биыл елімізде қай жолдардың жөнделгені белгілі болды
Жаңалықтар

Биыл елімізде қай жолдардың жөнделгені белгілі болды

04.09.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Биыл еліміздің республикалық маңызға ие жол желісін ауқымды жаңғырту шеңберінде стратегиялық маңызды учаскелердегі жұмыстардың негізгі кезеңдері аяқталды. Жаңартылған жолдардың ұзындығы шамамен 900 шақырымды құрайды. Бұл еліміздің көлік инфрақұрылымын едәуір жақсартты, деп мәлімдеді Көлік министрлігі.

Елдің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын ұзындығы 885 шақырымды құрайтын «Қарағанды – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы 85%-ға дайын. Бүгінгі күні 885 шақырымның 863 шақырымында жаңа асфальтбетон жабынымен қозғалыс қамтамасыз етілген. Аталған көлік дәлізіндегі жұмыстарға 1312 бірлік техника мен 2448 қызметкер жұмылдырылды. Бұл күре жолда 46 жол өтпесі, 30 көпір, 7 көлік айрығы және 661 су өткізу құбыры салынды.

Нәтижесінде 363 шақырымды құрайтын «Қарағанды – Балқаш» тасжолын айналып өту қажеттілігі жойылды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласынан Ақбастау және Ақсу ауылдарына дейінгі жолдың төрт жолағы бойынша қозғалыс ашылды. Аталған учаскеде асфальтбетон төсеу бойынша жұмыстардың 90%-ы аяқталды. Жуық арада барлық жаңартылған учаскелер бойынша көлік қозғалыс ашылмақ.

Биыл «Балқаш – Бұрылбайтал» учаскесінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жолдың 80%-на жаңа асфальтбетон төселді. Қазіргі уақытта 288 шақырымның 266 шақырымы қозғалыспен қамтамасыз етілген.

«Күрті – Бұрылбайтал»: ұзындығы 228 шақырымды құрайтын жол дәлізі толық жаңартылды. Асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары 85%-ға аяқталып, жаңа асфальт қабатымен қозғалыс қамтамасыз етілді. Жауапты мердігер ұйым тосқауыл қоршауын, жол таңбаларымен белгілерін орнатуға кірісті.

Республикалық маңызы бар «Шамалған станциясын айналып өту» автожолында 3 бірлік жол өтпесі, 1 мал өткелі, 1 көпір және 3 су өткізу құбыры орнатылды. Жоба жұмыстары толық аяқталды және жуырда автокөлік құралдары үшін қозғалыс ашылады.

Республикалық маңызға ие «Ақтөбе – Қандыағаш – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға қарай)» тасжолының 732 шақырымы қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылды. Аталған жолда 47 жол өтпесі, 6 көлік айрығы, 526 су өткізу құбыры салынды. Жобаға 1312 бірлік техника мен 2448 жұмысшы жұмылдырылды. Қазір автожолдың барлық бойында асфальтбетон төсемінің жоғарғы және төменгі қабаты бойынша қозғалыс ашық.

«Ақтөбе – Қандыағаш» учаскесінде 18 көпір бойынша көлік қозғалысы ашылып, 8 эстакада салынды. Асфальтбетон төсеу жұмыстары 97%-ға аяқталды. Жабынның жоғарғы қабатын төсеу жәнежолды абаттандыру жалғасуда.

«Атырау – Астрахан» бағыты бойынша биыл жыл соңына дейін реконструкция жұмыстары толық аяқталады. Қайта жаңартылатын учаскеніңұзындығы – 212 шақырым. Асфальтбетон жабынынтөсеу бойынша жұмыстар 82%-ы құрайды және белсенді түрде жалғасып жатыр. Учаскедегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 5000 дана автокөлік. Айта кетейік, жол бойында қозғалыс ашылғаннан кейін сапар уақыты 2,5 сағатқа дейін қысқарады деп күтілуде. Қазір автомобиль тізгіндеген жүргізушілер үшін қозғалыс ашық.

«Талдықорған – Өскемен» тасжолының 768 шақырымының 658 шақырымында жұмыстартолық аяқталды. Жоғарыда көрсетілген учаскеде жабынды төсеу бойынша жұмыстардың 95% аяқталып, 748 шақырымында қозғалыс қамтамасыз етілген. Сондай-ақ 47 жол өтпесі, 6 көлік айрығы, 4 мал өткелі, 1 эстакада, 30 көпір және 526 су өткізу құбыры орнатылды. Жобаға 1312 бірлік техника мен 2448 қызметкер жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 707-718 шақырымдар аралығындағы Аягөз қаласын айналып өту және Қалбатау кентінің маңындағы тасжолдың жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр.

Жоғарыда аталған негізгі күре жолдар еліміздің көлік инфрақұрылымын едәуір жақсартып қана қоймай ел тұрғындарының көлік дәліздері арқылы қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етпек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.