Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Елімізде 13 мыңнан аса адам банкрот деп танылды
Жаңалықтар

Елімізде 13 мыңнан аса адам банкрот деп танылды

19.07.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2023 жылғы 3 наурыздан бастап елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген болатын.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 29,6 млрд сомаға 13 мың 384 адам банкрот деп танылса, қазір 6 мың 612 азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп жатыр.

Сот арқылы банкроттық рәсімін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдануға 2,6 мыңнан астам азамат жүгінген. Сот арқылы банкроттық рәсімі 200 борышкерге қатысты жүргізіліп жатыр. Ал төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге 4 адам өтініш білдірген.

Заң жеке тұлғалардың қарызымен байланысты мәселелерді шешу үшін  3 рәсім ұсынады: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Соттан тыс банкроттық рәсімін банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар 1 600 АЕК кем болғанда  қолдануға болады (борыш 5,9 млн теңгеден аспауы қажет). Өтініш ХҚКО-да,  eGov.kz  электрондық үкімет порталы, сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov Mobile мобильді қосымшалары арқылы беріледі.  Рәсім 6 айға созылады. Ол аяқталғаннан кейін банкроттың міндеттемелері тоқтатылуға жатады.

Сот арқылы банкроттық рәсімін азаматтар егер банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы борышы 1600 АЕК-тен асса немесе сомасына қарамастан өзге де борыштар бойынша, сондай-ақ мүлкі болған кезде қолдана алады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сотта қарыздарды бөліп  төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) алуды көздейді. Бұл рәсімнің артықшылығы – одан кейін адамға «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Айта кетсек, 2024 жылғы 19 маусымда Заңға түзетулер енгізілді. Олар келесіні көздейді:

  1. рәсімдерді қолдану негіздерін қайта қарау:
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану үшін қарыздар бойынша мерзімін өткізіп алудың болуы және мүліктің болуы міндетті емес;
  • соттан тыс банкроттық рәсімін жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (несиелік) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар, соның ішінде лицензиясынан айырылған, тарату сатысында тұрған, тиісті тізілімнен шығарылған ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша қолдануға болады.

2. соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беруді жеңілдету бойынша борышкер өтініште кредитор туралы, борыш сомасы туралы мәліметтерді көрсету және оған қандай да бір құжаттарды қоса беру міндетінен босатылады.

3. соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін төлемнің болмау мерзімін есептеуді нақтылау:

  • борыштары бойынша 1 АЕК-тен кем төлемдер өтеу болып есептелмейді, ал ал коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық (талап) берілгенге дейін соңғы төлем жасалғаннан күннен бастап есептелетін болады.

4. реттеу мерзімін өзгерту бөлігінде егер төлем жасамау мерзімі 12 айдан асса, қарызды реттеу талап етілмейді.

Аталған түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

фото: proza.ru сайтынан алынды

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ IX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

27.01.2026361 Views

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026862 Views

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026183 Views
Соңғы жаңалықтар

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ IX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

27.01.2026

2025 жылы қазақстандықтарға 4 трлн 225 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді

23.01.2026

Мәжіліс депутаты Цифрлық кодекстің негізгі қағидаттарын атады

23.01.2026

Цифрлық кодекс: биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі

23.01.2026

Премьер-министр салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты

23.01.2026

Fabe Polska компаниясы Қазақстанда құны 69 млрд теңге болатын жылыжай кешенін салады

23.01.2026

Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдады

23.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.