Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АЙМАҚ БАСШЫСЫ САРБАЗДАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЙМАҚ БАСШЫСЫ САРБАЗДАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

06.05.202410 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аймақ басшысы темірдей тәртіпке бағынып, ел іргесін, тәуелсіздік құндылықтарын қорғаған сарбаздарға ізгі тілегін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл мереке тек әскери қызметкерлер үшін ғана емес, бүкіл қоғамымыз үшін ерекше маңызға ие. Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі» деген болатын. Президентіміз – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен еліміздің қорғаныс саласын дамыту, заманауи және кәсіби, қуатты әскер құру бағытында кешенді реформалар жүргізілуде. Бүгінде еліміздің Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың мәртебелі міндетіне, аға буынның ерлік пен жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алған патриотизмнің үлгісіне айналды. Биыл еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің және Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың биылғы отырысында «Айбын» орденінің түрлі дәрежесін Бауыржан Момышұлының, Сағадат Нұрмағамбетовтің және Рахымжан Қошқарбаевтың есімдерімен атау туралы бастама көтерді. Бұл – даңқты ерлерге көрсетілген құрмет, Қарулы Күштерге жүктелген сенім деп білеміз. Тәуелсіздігіміз бен тірлігімізді, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Салтанатты жиында облыс әкімі су басқан аймақтарға көмек көрсеткен сарбаздарға зор алғысын білдірді. Еске салсақ, Сыр өңірінің халқы төтенше жағдай жарияланған аймақтарға көмек көрсетуге біркісідей жұмылды. Облысымыздағы Қорғаныс министрлігінің және Ұлттық гвардияның әскери бөлімдерінен 408 адам, 134 техника Батыс Қазақстан облысына жолданды. Бүгінде сарбаздарымыз су басқан аймақтағы халықтың алғысына, ыстық ықыласына бөленіп, абыроймен оралды.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Іс-шарада Қарулы Күштердің Құрметті ардагері Мыңділда Ршауов та сөз сөйлеп, жерлестерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, Отан қорғаушы күніне орай және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмыс жасаған қызметкерлер марапатталды.
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Возможно, это изображение 5 человек, вертолет, скутер, сигвей и текст
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026413 Views

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.20261 053 Views

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 873 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.