Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бишімбаевтың соттағы соңғы сөзін қашан айтатыны белгілі болды
Жаңалықтар

Бишімбаевтың соттағы соңғы сөзін қашан айтатыны белгілі болды

04.05.20240 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Фото: Halyq Uni

4 мамырдағы сот отырысында сот процесіне қатысушылар жарыссөздің екінші бөлігіне көшті. Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

Айта кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды.

САЛТАНАТ НҮКЕНОВАНЫҢ ҚАЗАСЫ

2023 жылдың 9 қарашасында Астана мейрамханаларының бірінде қайғылы жағдай болып, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова қайтыс болды. Сол оқиғадан кейін Бишімбаев қамауға алынды. Артынша оның туысы Бақытжан Байжанов та қамалды.

Сот басталған кезде сотталушы Бишімбаев өзіне тағылған айыпты мойындамады. Экс-министрдің соттағы жауабын мына жерден оқуға болады.

Бишімбаевтың айтуынша, Салтанат Нүкенова және оның құрбысы үшінеуі «Қазақстан» орталық концерт залына концертке барған. Сол жерде екеуінің арасында жанжал шығып, концерт аяқталмастан шығып кеткен. Артынша BAU мейрамханасына келіп, бірнеше сағат бойы әңгімелескен.

8 сәуірде Астана қаласы көшпелі бригада дәрігері Нұрлан Мұхамбеденов сот залына келіп, тараптардың сұрағына жауап берді.

9 сәуірдегі сот отырысына қылмыстық іс бойынша куәгер Данияр Мейірбеков қатысты. Сол күні Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров қатысты. Сарапшы манекеннің басына қызыл және көк түсті қаламмен бірнеше жарақаттың орнын салып көрсетті.

10 сәуірдегі сот отырысында қылмыстық іс бойынша куәгер Аида Ахмедина қатысты. Прокурор Айжан Аймағанова сот барысында Ахмедина мен марқұм Салтанат Нүкенованың бір-біріне жазған хаттарын оқыды. Содан кейін іс бойынша куәгерлерден жауап алу аяқталды.

11 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлжанованы ауыстыруды сұрады. Алайда судья істі қарауды жалғастырды. Сол күні 11 сәуірде айыпталушы Бақытжан Байжановтан жауап алынды. Ол сот барысында өзінің туысы Қуандық Бишімбаев тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізді.

22 сәуірдегі сот отырысында судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефонына қайғылы оқиға болған күні түсірілген видеоларды көріп шықты.

23 сәуірде өткен сот отырысына қайғылы жағдай болған күні Бишімбаевпен кездескен Гүлнар Насырбекова келді. Әйел Бишімбаевпен жұмыс бойынша кездескенін айтты.

24 сәуірде қылмыстық іс бойынша сот тергеуі аяқталды. Сол кезде судья Құлбаева сотталушылардан қылмыстық іске қатысты позициясын тағы бір нақтылады.

Қинау бабы бойынша тағылған айыпты толық мойындамаймын. Аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылған екінші эпизодтың бір бөлігі – Нүкенованың өліміне әкеп соққан соққы жасағанымды мойындаймын. Бірақ мұны әдейі жасады, оның өлгенін қалады және оны қатыгездікпен жасады дегенді мойындамаймын, — деді Бишімбаев.

29 сәуірдегі сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталады деп жоспарланған еді. Жарыссөз басталмастан бұрын айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуін қайта бастауға қатысты өтінішхат жасады. Тараптар бұл өтінішхатқа қарсылық білдірмеді. Судья өтінішхатты қабылдады. 2 мамырдағы сот отырысында істі қарап жатқан судья Айжан Құлбаева Байжановқа қатысты ҚК 434-бабы бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды.

2 мамырда жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Бишімбаев пен Байжанов айғақтарды жасырып, Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болғанын айтты.

Бишімбаев пен Байжанов айғақтарды жасырып, Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған. Олар сол үшін Салтанат алдымен фитнеске, содан кейін үйге барғандай көрсеткен. Ал ол уақытта Салтанат қайтыс болып кеткен. Салтанаттың телефонындағы қозғалысқа қарасақ, оның сол уақытта тірі екенін және Бишімбаевтың оған қатысы жоқ екенін көрсетеді. Неге Бишімбаев сағат 3-тен кейін нашатырь әкелуді сұраған? Сараптамаға сәйкес, Нүкенова ол уақытта қайтыс болған. Ал қайтыс болған адамды нашатырь оята алмайды. Оны басқа мақсатта пайдаланған. VIP-залда Нүкенованың саусақ іздері жоқ. Неге? Бишімбаевтың өзі бірге отырып ішімдік ішкендерін айтты. Нашатырь көмегімен Салтанаттың іздері мен денесіндегі қанды сүртіп тастаған, — дейді мемлекеттік айыптаушы.

Прокурордың айтуынша, қайғылы оқиға болған орыннан қызғылт түсті жейде мен нашатырь (мүсәтір) табылмаған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.20253 750 Views

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025296 Views

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.202592 Views
Соңғы жаңалықтар

Қытай Трамппен келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

09.05.2025

Адамның денесі мен миын мұздатып, кейін қайта тірілту мүмкін бе?

09.05.2025

Дональд Трамп: «Мен Папа болғым келеді, бұл менің бірінші қалауым болар еді»

09.05.2025

Дәстүрлі өнер тоқырады ма?

09.05.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев: Достық пен тыныштық – Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі

09.05.2025

Ақтауда жаңғыртылған Caspi Bitum зауыты іске қосылды

09.05.2025

Биыл Ақтөбе облысында 14 жайлы мектеп құрылысы аяқталады

09.05.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.